ДОМИНАНТА

ДОМИНАНТА – (лат. dominans – қаз. үстемдік ету) – деген мағына- ны білдіреді. Өзекті қажеттілікпен немесе зейіннің үстемділігімен адам- ның миында өктемдік ететін қозу оша- ғы. Мидың көршілес аумағындағы әлсіз қозуларды тартып күшеюге қа- білеттілігі. Д. – жүйке орталығының негізгі заңдылығының бірі. Қозған орталықтың басқа алаптағылардан да күшейіп кетуін үстемділік (до- минанта) заңы деп атайды. Доми- нанта түсінігін және оның қасиетін А.А.Ухтомский (1875-1942) жылы ашып, ғылымға (1923) енгізген. Доми- нанта теориясы адам мінез-құлығының басқа да қажеттіліктерінің пайда бо- луының физиологиялық негізін ғы- лыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыра- ды, осындай алапты д о м и н а н т а деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу үрдістерін өзіне тартады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бе- тер күшейеді. Мәселен, қызық кітап- қа беріле оқығанда адамға кейбір бөг- де тітіркендіргіштердің бөгет жаса- майтыны, қайта олардың біздің ойы- мыздың күшеюіне жәрдемдесетіні бай- қалады. Сондықтан адам санасын (зе- йінін) бағыттап, шоғырландырып кі- тап оқыған кезде қасындағы бөгде ті- тіркендіргіштерден (мысалы, сағат- тың тықылы, соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге кө- ңіл аудармай үңіліп отырған әреке- тімізге мейлінше беріле түсуімізге жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда ай- тылғандай мидағы басыңқы қозу әл- сіз тітіркендіргіштерден болған қо- зуларды өзіне тартып, солардың есе- бінен күшейетіні зерттеулер негізінде дәлелденген. А.А.Ухтомскийдің до- минанта теориясының мәнін И.П.Пав- ловтың «Қозудың оптималдық алабы» деп аталатын тұжырымы онан сайын толықтыра түседі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *