ДЖЕЙМС-ЛАНГЕНІҢ ЭМОЦИЯЛАР ТЕОРИЯСЫ – американдық философ және психолог У.Джеймс пен неміс психологі Г.Лангенің XIX ғасырдың 80-90-жылдарында бір- бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пай- да болуы еріксіз қозғалу саласын- дағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласында- ғы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш- сүйініштер осы өзгерістермен бай- ланысты түйсіктердің жиынтығы бо- лып шығады.
Джеймстің ойынша, «жылағандық- тан мұңаямыз, дірілдегеніміз қорық- қандықтан, күлетіндіктен қуана- мыз». Джеймс эмоцияларды пери- фериялық өзгерістердің кең тобымен байланыстырса, Ланге қантамыр- қозғалу жүйесімен-инжүйкеация күйімен және тамырлардың саңы- лауымен байланыстырды. Осылай- ша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялық ор- ганикалық өзгерістер олардың себе- бі деп жарияланды.Джеймс-Лангенің эмоциялар тео- риясы эмоцияларды жаратылыстық тұрғыдан зерттеуге келетін объек- тіге айналдыруға әрекеттену болды. Алайда эмоцияларды тең денелік өзгерістермен байланыстырып, бұл теория эмоцияларды қажетсінулер мен түрткілерге қатысы жоқ, адап- тивтік мағынасы, реттеушілік фун- кциясы жоқ құбылыстар қатарына қосты. Эмоциялардың ерікті ретте- луінің проблемасы бұл орайда қара- пайымдандырылып баяндалады: жа- ғымсыз эмоцияларды, мыс., ашулы жағымды эмоцияларға тән қимылды әдейілеп жасаса, басуға болады деп есептеледі. Бұл теорияға психоло- гиядағы қарсылықтар эмоцияларды перифериялық өзгерістерден туын- дайтын түсініктердің жиынтығы деп механистік түсінушілік; жоғарғы се- зімдер табиғатын түсіндіру тұрғы- сында болды. Физиологтардың сыны жануарларға жасалған эксперимент- терден алынған мәліметтерге негіз- делді (Ч.С.Шеррингтон, У.Кеннон және т.б.). Олардың ең бастылары сол бір ғана перифериялық өзгерістердің өздері алуан түрлі эмоциялар кезін- де, сондай-ақ эмоциялармен байла- нысты емес күйлер кезінде болып жа- татынын көрсетеді.
Л.С.Выготский бұл теорияны орга- низмдегі өзгерістерден туындайтын
«төменгі», элементар эмоцияларды бейне ешқандай материалдық негіз- дері жоқтай көрінетін «жоғарғы», ақиқат адами күйініш-сүйініштер- ге (эстетикалық, зияттық, адамгер- шілік және т.б.) қарсы қойғаны үшін сынады.