ДЕРЕКСІЗДЕНДІРУ

ДЕРЕКСІЗДЕНДІРУ – ойлау тәсіл- дерінің бір түрі. Д. жалпылау әрекет- терімен өзара тығыз байланысты. Д. дегеніміз – нәрселердің бірсыпыра қасиет-белгілерін ой арқылы бөлек- теп қарастыратын әрекет. Сондай-ақ Д. – осы қасиет-белгілерді нәрсенің біртұтас ерекшеліктерінен бөліп алып көрсету тәсілі. Д. – жалпылау деп аталатын ой-әрекетінің негізі. Адам заттар мен құбылыстардың (объект- тің) арасындағы айырмашылық бел- гілерінен талдап барып, оларды жал- пылайды. Д. сөзбен тығыз байланыс- ты ой-әрекеті. Кеміс балалардың Д.әрекетінің өзіндік ерекшелік сипатта- ры бар. Кемақыл баланың Д. әрекеті өте қиынға түсетін жайт. Өйткені он- дай балалардың ойлауы мен сөйлеуі нашар дамығандықтан нәрселер мен құбылыстардың белгі-қасиеттерін ой арқылы ажыратуы аса қиындық туды- рып, олар сол нәрселерге тән жалпы ерекшеліктерді ажыратып көрсете алмайды. Саңырау балалардың Д. ұғымдарды меңгеруінде айтарлықтай қиындықтар бар. Өйткені саңырау балалардың ойы көрнекі бейнелерге негізделген. Д. ойлау арқылы ажы- ратылатын белгі қасиеттерді танып білуге сөздік қоры жетіспейді. Ал на- шар көретін және соқыр балалардың Д. әрекеті болмысты көрнекі түрде пайымдауы да жеткіліксіз. Ондай ба- лалар нәрселердің жалпы қасиеттері мен дерексіздеу әрекеті өмір тәжі- рибесінде қалыптасқан сөздік түсі- ніктеріне сүйенеді. Кеміс балалар- дың Д. әрекетіндегі кемшіліктері бастауыш сынып жасында байқалып, оқу-тәрбие істерінде әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып толықты- рылып отырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *