ДЕДУКЦИЯ (лат. deductio – қаз. шығару) – білімнің көбіне жалпы- дан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылы- ми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты. Психоло- гия дедукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуын зерттейді. Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек жалпыға қарай қозғалысы оның бар- лық психикалық процестермен, тұ- тас алғандағы ойлау қарекетінің құ- рылымымен шарттастылығында тал- данады. Дедукциялық пайымдаулар- ды эмпириялық зерттеулердің, мыс.,алғышарттарға және олардан шыға- тын қорытындыларға деген сенімнің талдануы болып табылады. Д. жал- пы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұн- да материалға сәйкес логикалык про- цесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Д. жалпыдан жекеге қа- рай дамитын ой қорытындысы, логи- калық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі – силлогизм. Екі немесе бірнеше пікірлердің бай- ланысы нәтижесінде жаңадан бір пі- кір шығару.