ДӘСТҮР – тарихи тұрғыда қалып- тасқан және ұрпақтан-ұрпаққа бері- ліп отыратын біршама жүйеге түс- кен мінез-құлық нысандары, ол бел- гілі әдет-ғұрып, ереже, құндылықтар жиынтығы. Д. адамдардың өмірлік әрекетін реттеудің маңызды факто- ры, ұлттық тәрбие негізі болып та- былады. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуы- на байланысты. Қазіргі зерттеушілер қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІV-ХV ғасырлардан басталады деп жүр. Олай болса, сол дәуірден бер- мен қарай қазақтың көптеген әдет- ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып, дамып келді. Оның озық үлгілері ұр- пақтан-ұрпаққа көшіп, қазіргі заман- ға жетті. В.Г.Белинский салт-дәстүр- дің өміршеңдігі жөнінде: «әдет-ғұрып заманауи бойында сыннан өтеді, олар ата-бабадан әулетке мұра болып ауы- сып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді, бұлар халықтың ішкі-сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз ха- лық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді…» – дейді. Әр ха- лықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы болады. Олар сол халықтың ерекше белгісі болып, өзіндік пси- хологиясының негізгі көрсеткіші бо- лып есептеледі.
Дәстүр халықтардың тіршілік кәсі- біне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, нақ- ты жағдайларға орай өзгеріске тү- седі, оның тұрмыс салтынан негізгі айырмашылығы – оның тұрақтылығы мен баяу өзгеретіндігі. Мәселен, қазақ халқы жаугершілік заманда қой со- йып, оның қанына найзасын малып, бір-бірімен анттасқан. Мұны бұзған- ды ант атсын деп серттескен. Бертін келе қоғамның дамуының жаңа бе- лесінде анттасу салты жойылғаны белгілі.
Дәстүр сабақтастығы ұлттар ара- сындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Әртүрлі ұлт пен ұлыс- тарда қайталанбайтын таза ұлттық дәстүр сирек кездеседі. Мәселен, қа- зақтардың ұлттық ою-өрнек, жиһаз, тағам, ойын-сауық дәстүрлері басқа халықтарда өзінше орын алады. Мә- селен, қазақтың көкпар тарту ойыны кейбір өзгешелігімен өзбек, түрікмен, қырғыз, монғол, ауған елдерінде д кездеседі. Киіз үй тігу көшпелі халық- тардың бәріне ортақ. Алайда оның құрылысында, ою-өрнек әшекейін- де, әр ұлтқа тән ерекше белгілері байқалады. Палау, манты, сорпа, тұш- пара көпшілік ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр ұлт өзіндік тағам дайындау технологиясымен ерекше- ленеді.
Ұлттық болмыс-бітім адам мінезі- нен, іс-әрекетінен ерекшелене көріне- тін құбылыс. Ұлттық мінез-құлық сол ұлтқа тән психологиялық өзіндік сапамен ерекшеленіп, көзге түседі. Мәселен, қазақтарда бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлылық мі- нез-құлық болса, өзбектерде май- да, сыпайы мінезділік, тілі тәтті, үйірсектік орын алса, орыс халқына тән еңбекқорлық пен төзімділік, қоғамдағы түрлі өзгерістерге тез бе- йімделгіштік т.б., американдықтарға тән құнттылық, ағылшындардың салқынқандылығы мен немістердің ұқыптылығы, испандықтардың қызу- қандылық ерекшеліктер байқалады. Бұдан осындай қасиеттер басқа ха- лықтарда кездеспейді деген ұғым тумайды.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлт- тардың өзара достық байланысы ұлттық психиканың құрылымына игі әсерін беріп, бірнеше ұлтқа ортақ ізгі, өнегелі салт-дәстүрлердің пайда болуына әсерін тигізеді. Мәселен, еліміздегі көптеген этностардың қа- зақстандық халық болып аталуы – осы айтылғандардың жақсы дәлелі. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлері үш үлкен топқа бөлінеді. Оның біріншісі: нә- рестенің дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлімдік дәстүрлер (шіл- дехана, ат қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу т.б.), қыз бен ұлды келешекте жанұя құруға, шаруашы- лық пен еңбекке бейімдеуге арнал- ған жөн-жосықтар;
Екіншісі – қазақтың киіз үйі, оның жиһаздары, ұлттық киімдер мен та- ғамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, т.б. кәсіптерге баулудың тәлімгерлік түрлері кіреді.
Оның үшінші тобына адамдардың туыстық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, ұлттық музыка аспаптары, жар таңдау, отау тігу, қонақ күту, олар- ға сый-сияпат жасау, айтыс, көкпар, қыз ұзату, өлік жөнелту т.б. жатады. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұ- рагерлерін тәрбиелеу мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген
«сегіз қырлы, бір сырлы» абзал аза- мат өсіру мәселесі халқымыздың ға- сырлар бойғы ой-арманы болып кел- ді және солай бола бермек.