ДӘМ  СЕЗУ  АДАПТАЦИЯСЫ  (ТҮЙСІКТЕРІ)

ДӘМ  СЕЗУ  АДАПТАЦИЯСЫ  (ТҮЙСІКТЕРІ). Дәм сезу түйсігі иіс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттеріне байланысты туындай- ды. Дәм түйсігінің негізгі төрт түрі бар. Олар – тұзды, қышқылды, тәтті және ащыны сезу. Дәм сезуге, әдет- те, иіс түйсіктері, кейде жанасуы, жы- лы, салқын және ауырсыну түйсік- тері қосылады. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жатқандықтан адам көп жағдайда дәмді дұрыс айы- ра алмайды. Тұмауратқан адамның дәм айыруы бәсең болады. Тәттіні тілдің ұшы, ащыны – тілдің түбі, қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұз- ды – тілдің ортасы айырады. Егер кі- сі қай нәрсені болмасын, тілдің ор- тасына салса, ол көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Жас бала- да дәм түйсігі ерте дамиды. Дәм түй- сіктері адам психологиясына түрлі- ше әсер етеді. Тәбет – дәм жүйкесін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу адамға жа- ғымды әсер етеді. Дәм түйсігі нақ- ты іс-әрекетке орай дамып отыра- ды. Мәселен, тамақ кәсібінде істей- тіндердің (дегустатор) дәм түйсігі ерекше жетіледі. Дәм сезуде кон- траст құбылысы да орын табады. Мәселен, қант ерітіндісінің тәтті дә- мін түйсіну тұздың аз мөлшерінің қосындысынан күшейеді. Дәм сезу түйсіктері вегетативтік жүйке жүйе- сі арқылы эмоциялық көңіл күйге әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердің та- балдырықтарына, мәселен, ол көз бен естудің өткірлігіне, тері сезгіштігі мен проприоцепторларға әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *