Шал (Тілеуке) Құлекеұлы
(1748-1819)
Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Әкесі – Абылайханның белді батырларының бірі: 1755-1760 жылдар шамасындаҚұлекебатырдыңаулы батысқа қарай көшіп, Есіл өзенінің бойына қоныс аударып сонда бір жолатұрақтап қалады. Ақынның есбілгеннен кейінгі ғұмыры осы төңіректеөтеді.
***
Дүние – ұшып өткен құс, жақсылық – көрген түс.
***
Аққа құлпы жоқ.
***
Қалған көңіл – қатқан мұз
*** Алдау мен өтірік – сұмның ісі.
***
Жақсыны – алыс, жаманды жақын көрме.
***
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз.
***
Жақсыдан сыр жасырма.
***
Екі арыстан қосылса дәуді өлтірер, Ажал келсе ауру түгіл сауды өлтірер. Қаныпезер бұзақы жігіт болса,
Тыныш жатқан еліне дау келтірер.
***
Жаманның бір белгісі – жиын-тойға барғанда тамағына өкпе етер.
*** Әзіл арты – зіл.
*** Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі бөрі.
***
Елу – ердің жасы, Жетпіс – оттың басы, Сексен шоқтың қасы.
***
Дүние – шолақ, жан – қонақ.
***
Өзі – жас, құлағы кәрі.
***
Еліне жақсы жігіттіңалыста даңқы зор болар.
***
Жаман өзін зорға балар.
***
Жастық өтер, кәрілік жетер.
*** Пәлеге – сабыр, қазаға – тәубе.
***
Ашу – дұшпан, нәпсі – жау.
***
Жақсының жүрген жері той.
***
Бардан жарлы болғандар болар арлы.
***
Жер түрлі желкілдеген бозыменен, Қой түрлі баурындағы қозыменен.
***
Ер азса, ел азар.
***
Мың теңгелік қайғыдан бір теңгелік пайда жоқ.
***
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа, қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.