ӘЛМЕЙІН

ӘЛМЕЙІН (шамамен 19 ғасырдың 50-жылдары, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы — 1934, сонда) – айтыкер ақын. Бір термеінде: «Ақындығым өзімше, Сарыбастан ілгері, Сүйімбайдан сәл кейін»,- деп, ақындық өнердегі орнын өзі белгілейді. Ел аузында сақталған өлеңдеріне қарағанда, ол тапқыр да батыл, өр ақын болған. “Менің атым Әлмейін”, “Ноғайбайға”, “өтеген атқан таңдай күннен туған” тағы басқа өлеңдері Әлмейіннің ақындық қуатын айқын көрсетді. Байтай, Беке, Жұмабек, Үрпек есімді балалары болған. Бұлардан өсіп-өнген ұрпақ қазір де Қордай ауданында тұрады. Ақын мүрдесі Ақылытас зиратында жерленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *