ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ – жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылық- тарын танып білуге көмектесетін пси- хология ғылымының дербес саласы. Даму: 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объекттің жаңа қасиет- тері туындайды;

  • тұлғаның сыртқы және ішкі, бас- қарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі. Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Д.п. адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерт- тейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшелікте- ріндегі психологиялық заңдылық- тарымен таныстырады.

Д.п. психикалық дамудың қозғау- шы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады. Д.п. келесі бөлімдер- ден тұрады: мектеп жасына дейін- гі балалардың психикалық дамуы; бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуымен жеке басының қалыптасуы; жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы; жасөспірімдердің психикалық даму- лары мен психологиялық ерекшелік- тері; ересектер мен егде жаста- ғылардың психологиялық ерекшелік- тері; қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары. Д.п. – онтогенезде адам- ның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерек- шеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы.

Дамудың әлеуметті жағдайы – адам- ның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Д.ә.ж. дамудың қандай факторлар жүйе- сіне байланысты екендігін де қарас- тырады.

Дамудың жақын зонасы – психика- лық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру ар- қылы алынады. Д.ж.з. ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Д. ж.з. – айналадағы адамдардың кіші- гірім көмегін немесе демеуінің негі- зінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер.

Дамытатын күштер – балаларды оқы- ту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін-өзі жетілдірудегі қажет- тіліктері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *