ДАВЫДОВ ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ (1930-1998) – Ол дамыта оқыту теориясы атты концепцияның авто- ры. 1952 жылы логика және психо- логия бөлімін бітіреді де, Мәскеудегі психология аспирантурасын тәмам- дайды. 1959-1983 жылдарда Кеңес одағындағы Педагогикалық акаде- мияның жалпы және педагогикалық психология ғылыми зерттеу инсти- тутында аға ғылыми қызметкер, ке- йіннен сол институттың директоры қызметтерін атқарған. Психол. ғ.д. проф., ССРО-дағы ПҒА академигі, АҚШ-тың Ұлттық білім академия- сының құрметті мүшесі. «Вопросы психологии» және «Психологичес- кий журнал» журналдары редкол- легиясының мүшесі. Л.С.Выготский- дің мәдени-тарихи теориясының дәс- түрін және А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Ру- бинштейннің, А.Р.Лурияның, Д.Б.Эль- кониннің, П.Я.Гальпериннің іс-әре- кет теориясын жалғастыратын пси- хологиялық мектептің ұйымдасты- рушысы. Д.Б.Эльконинмен бірге ба- ла психикасының дамуы жас ерек- шеліктеріне байланысты болатын- дығын эксперимент жүзінде дәлелдеп шыққан. Негізгі еңбектері: «Ви- ды обобщения в обучении», «Логи- ко-психологические проблемы пос- троения учебных курсов». М., Педа- гогика, 1972; «Проблемы развиваю- щего обучения», «Опыт теоретичес- кого и экспериментального психоло- гического исследования». М.: Педа- гогика, 1986; «Теория развивающего обучения». М., 1996.