ҒЫЛЫМ ПСИХОЛОГИЯСЫ –ғылыми ізденіс қызметінің нәтиже- лігін арттыру мақсатында оның психологиялық факторларын зерт- тейтін сала. Ғ.п. бұл факторларды ғылымды рухани өндірістің ерек- ше түрінің әлеуметтік ұйымдасқан жүйесі деп ұғынуды негізге алып түсіндіреді, бұл өндірістің өнімдері эмпириялық тұрғыдан бақыланатын логикалық нысандарда шындық бол- мысты бейнелейді деп ұғынылады. Сондықтан Ғ.п. саласы «ғылым ту- ралы кешенді ғылымның» – ғы- лымтанудың басқа салаларымен (ғы- лым логикасы, ғылым тарихы, ғы- лым социологиясы, ғылымның ұйым- дастырылуы, ғылым этикасы) бай- ланысты. Осындай ұстаным арқылы ғалымдардың шығармашылығына индивидуумдық көзқарас еңсеріледі: Бұл шығармашылық оның барлық ас- пектілерінде (зияттық, мотивациялық, коммуникативтік және т.б.) ғылым дамуының объективтік заңдарымен, оның тарихи өзгермелі құрылымда- ры – пәндік-логикалық және әлеумет- тік құрылымдарымен шарттасты- ғында қарастырылады. Ғ.п. инди- видуумдық және ұжымдық қызмет жағдайында ғылыми білімдерді өндірудің психологиялық механизм- дерін зерттейді, ғылыми кадрлардың психологиялық даярлығы, тиісті тұл- ғалық сапалар мен ұстанымдардың диагностикасы мен қалыптасуы, шы- ғармашылықтың жасқа қатысты динамикасы проблемаларын талдап- белгілейді, ғылыми коммуникациялар- дың, жаңа идеялардың қабылдануы мен бағалануының, зерттеулердің автоматтандырылуының (компью- терлендірілуінің) психологиялық ас- пектілерін талдайды.
Ғ.п-ның бір тарауы ғылымның әлеуметтік психологиясы болып та- былады; ол ресми статусы бар, сон- дай-ақ бейресми әртүрлі ұйымдар мен ұжымдардағы ғалымдардың қызметін, қарым-қатынастары мен тұлғааралық қатынастарын зерттей- ді. Бейресми ұйымдар мен ұжым- дарға, атап айтқанда, ғылыми мек- теп және «көзге көрінбейтін кол- ледж» (әртүрлі мекемелерде жұмыс істейтін және бір-бірімен ауызша және жазбаша түрдегі жекелей бай- ланыстарымен қарым-қатынас жа- сайтын ғалымдардың бірлестігі) жатады. Ғ.п. ғалымдар арасындағы қарым-қатынастың функцияларын мәдениеттілікке жетелейді және оның мазмұнын зерттейді.