ҒАРЫШТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –шетсіз, шексіз әлем кеңістігі жағда- йындағы адамның көңіл күйі мен ерік-жігерінің, қажыр-қайратының төзімділігі мен шыдамдылығын, ға- рышта ұшу кезіндегі салмақсыздық күйге түскен ғарышкердің ерек- шеліктерін зерттейтін еңбек психо- логиясының бір саласы. Ғ.п. ғарыш- кер іс-әрекетінің әртүрлі экстремал- ды факторларға тәуелділігін (салмақ- сыздық, гиподинамикалық, салыс- тырмалы сенсорлық депривация т.б.), сондай-ақ ғарышқа ұшуға дайындық, яғни түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізудің психологиялық мәселелерімен айналысатын сала. Ғ.п. мә- селелерін зерттеу – Байқоңырдай аты- шулы орбиталық станциясы бар Қа- зақ еліне де аса қажет. Ғ.п. авиация психологиясы және дәрігерлік экспер- тизамен тығыз байланысты.