ГУМИЛЕВ ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ- (1912-1992) – орыс ғалымы, т.ғ.д., геогр.ғ.д. Ол этностық әлеуметтік категория ретінде қарайтын көзқа- растарды географиялық, биология- лық факторлардың әсер етуі нәти- жесінде пайда болатын табиғи құ- былыс деп түсіндіреді. Этнопсихоло- гия ғылымын өзінің осындай жаңа тұжырымымен толықтырды, оған пассионарлық ұғымын енгізді. Пас- сионарлық қасиет әр этностың гео- графиялық жағдайына (табиғат, ауа, су, ландшафт т.б.) байланысты жан дүниесінің өзіндік табиғи ерек- шеліктерін ерекше (қажыр-қай- рат, шыдамдылық, қайсарлық, мақ- саткерлік, намысқойлық т.б.) көр- сететін категория. Гумилевтің осы- нау тұжырымдары қазіргі этнопси- хология ғылымының әдіснамалық (методологиялық) мәселелеріне қа- тысы бар сындарлы түйін.