ГУМАНИСТІК ПСИХОЛОГИЯ

ГУМАНИСТІК  ПСИХОЛОГИЯ –XX ғасырдың 60 ж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құнды- лықтары мен мағыналарында қарас- тырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттары- ның бірі. Г.п. көрнекті өкілдері – А.Маслоу, К.Роджерс, Г.Олпорт. Г.п. мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады: адам өзінің бір- тұтастылығымен зерттелінуі қажет; әрбір адам қайталанбас тұлға; адам дүниеге ашық болып келеді, адам- ның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады; адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қа- жет; адамның бойында оның таби- ғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға  деген  күш-қуаты болады; өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады; адам – ол интенциялы, белсенді, жігерлі, шығармашылық жан. Г.п. өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды бол- ғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мә- дени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Г.п. психология ғылы- мының саласы, адамды жоғары рух- ты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасай- тын тірі жан ретінде қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *