ГАЛЬПЕРИН ПЕТР ЯКОВЛЕВИЧ (1902-1988) – Харьковтағы пси- хологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой әрекетін жоспарлап қалыптастыру деген айрықша теорияның және пси- хология пәнінің мәселесін диалек- тикалық-материалистік рухта шешуде субъект іс-әрекетінің бағдарлы- лығы ілімінің авторы. Г. теориясы педагогикалық психологияда, ере- сектерді оқыту психологиясында, пе- дагогикалық төмендеп кеткен бала- ларды, интеллектің дамуын психоди- агностикалауда кең өрісті қолданыла- ды. Ұлы Отан соғысы жылдарын- да Г. іс-әрекеттік қатынас идеясын басшылыққа ала жараланғандардың қимыл-қозғалысын қайта қалпына келтірумен айналысқан. Г-нің біраз еңбектері нұсқа, зейін, инстинктер, психология тарихы т.б. сол сияқты бағыттарға арналған. Негізгі еңбекте- рі: «Әрекеттің ақыл-ойлығы және ғылым пәні» (1974), «Психологияға кіріспе» (1976), т.б