ӘЛИХАНОВ Фазылағзам Ақатайұлы

ӘЛИХАНОВ Фазылағзам Ақатайұлы (1891, бұрынғы Семей обл. Өскемен у. Себе болысы — 17.2.1938, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, инженер-архитектор, экономист. Ауқатты отбасында дүниеге келген. Аталары Тілеуберді Қозыбайұлы, Әлихан болған. Ә. әуелі Өскеменде, кейін Омбыда окыды. Сонда жүріп қазақ жастарының “Бірлік” қауымына мүше болды. 1917 — 19 ж. Омбы, Семей, Өскеменде Алашорда істеріне белсене араласты. “Алаш” партиясының жергілікті ұйымдарының қызметін жолға қоюға ат салысты. 1920 ж. Қазревкомның Өскемен уезі бойынша уәкілі. 1922 ж. Семей губаткомы төрағасының орынбасары болды. 1930 жылға дейін Қазақстан астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматыда әр түрлі басшы қызметтер атқарды. 30-жылдары Қазақ АКСР-ы Тамақ өнеркәсібі халкоматында инж.- экономист болды. Сәулетші ретінде өндіріс орындарын салуға (Балқаш балық комбинаты, Алматы сыра зауыты, т.б.) көп еңбек сіңірді. КСРО Жоғарғы соты Әскери Алқасының үкімімен “халықжауы” аталып, 1938 ж. 27 ақпанда атылды. 1957 ж. 26 маусымда толық ақталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *