ВЮРЦБУРГ МЕКТЕБІ

ВЮРЦБУРГ МЕКТЕБІ – сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушы- лар – О.Кюльпе және К.Бюлер, ал өкілдеріне жататындар – Н.Ах, А.Мар- бе, О.Зельц және т.б.

Вюрцбург мектебімен зерттелінген негізгі мәселелер:

а) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару;

ә) ерекше психологиялық ақиқат ре- тіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау;

б) ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру.

Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н.Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсілдерін таңдау процесі мен қолда- ну сипаты субъектімен шешілетін нақты міндеттерге байланыстылы- ғын атап өтті. Осылайша, вюрцбурық мектептің негізгі қосқан үлесі –

«міндет» ұғымын енгізуі (В.Уайт). В.м. өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъекттің өзінің ішкі ойла- ры, елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сұраққа жауапты іздеу, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрді. О.Кюльпе «Ой- лау психологиясы» еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекция- лық әдісті қолданды.

Зерттеген мәселелері: «эмпирикалық ойлау» деп аталатын және формал- дық логика заңдарына сүйенетін «та- за ойлаудың» нақтылы жүзеге асуын көрсететін психикалық актілер мен күйлер. Н.Ахтың тағы бір қосқан үле- сі – «детерминациялық тенденция- лар» тұжырымдамасын шығарып, негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл – себептендіру теориясы. Адамның бо- йындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртіп оты- ратын, санадан тыс процестерге жа- тады.

Ойлау өзінен-өзі пайда болып қа- лыптаспайды. Ол тікелей сыртқы ор- та әсерінен пайда болады. Сезімдік елестер мен ойлаудың арақатынасын түсіндіруде бұлар мынадай пікірде болды. Өз-өздігінен сезімдік елестер мен олардың кез келген үйлесімі тіпті оңай логикалық есепті шешіп бере алмайды. Себебі, есепті шешу үшін берілген міндеттің сезімдік көрінісі- нен тыс, одан еркін болатын, есептің (міндеттің) шарттары мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады. В.м. өкілдері ойлаудың басқа психикалық процестерден өзіндік ерекшеліктерін көрсетті: тұтастылығы, белсенділігі, бағыттылығы, бейнесіздігі және т.б. В.м.-тің негізгі идеялары О.Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты.

Ол ойлауды интеллектуалдық опера- циялардың қызмет етуі ретінде анық- тады. О.Зельц өз алдына ойлау іс- әрекетінің қандай да бір нәтижесінің жүзеге асуындағы интеллектуалдық іс-әрекеттің әрбір сатысының қыз- метін анықтау мақсатын қойды. Қа- тынастарды саналау әрекеті ретіндегі ойлауды түсіндіру үшін оның міндет- ті шешуде жүзеге асырылатын әре- кет немесе операция ретінде қарасты- ру керек. О.Зельц міндетті шешу ба- рысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды енгізді: арнайы реакция, яғ- ни берілген жайтта қойылған мақсат- қа сәйкес келетін объективті қажет- ті жауап.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *