Рудаки

 

Рудаки

(860 — 941)

 

Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки- тәжік классикалық әдебиетініңнегізін салушы, философ. Заманында«Ақындар атасы» атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені«Шарап туралы» қасида,«Кәрілік туралы» ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы – адам өмірін жырлау.

 

***

Өмір – кеме, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

***

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына көнбейді. Сондықтан да оның тағдыры қиын, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

***

Әлсіз болсаң тастар жерге сіңіріп, Содан өзің жарып шықсаң, ірілік!

*** «Өмір – ақыл теңізі».

Өмір айтты: «бақытты деп өзгелер, Күйінбесең – саған рақат тез келер.

Қанағат көр басыңдағы бағыңды.

Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды».

Өмір айтты:

«Тоқтала біл ашудан,

Опа таппас бұл дүниеде ашынған, Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне, Бұғаулатар екі аяғын түбінде».


Әлем – теңіз. Аңсайсың ба жүзуді?

Кемеңді соқ, жақсы ісіңмен түзеулі.

***

Бүкіл әлем жаралғалы әлімсақтан сонау бір Толастамай өткен әркез білімді аңсау – алау нұр.

***

Қандай да бір тілді алмайық, небір ғажап ғасырлы, Әрқашан да адамзаттыбілім мен бақ асырды.

***

Айлап-жылдап үйренсе тәтті сөзге құлағың, Естімессің, ұқпассың – біреудің мұңын, жылауын.

***

Жарық шашып алдыңнан, айың туып тұрғанда, Үлесіңді ал жылдам, кешігем деп, құр қалма.

***

Топыраққа кіргенің – топырақтан туғаның, Бағасы бар бәрінің – бізге ежелден бұл мәлім.

*** Жүрегім таза болсын тек – киімі лас болса да, Жер дүниеде көп-ақ-ау, жүрегі нәжіс бишара.

***

Жапалақ ұшса жалпаңдап, еремін деп сұңқарға,

Қайырылар жақсы қанаты, жүні қалмас бір тал да.

***

Байысаң, шырақ, мастанба, сабырлық етсең жарайды, Көрген де бұрын, көрешек дүние сендей талайды.

***

Осынау қиын өмірден, өнеге ал да, кел, үйрен, Сонда ғана өзіңнен зұлымдық әр кез жеңілген.

***

Өлген адам оралмас, тірілер жатар көрге кеп,

Әдеті солай дүниенің тұлғалы аспан дөңгелеп.

***

Игілік, бақыт бір сенің жұмсайтын құлың болса егер,

Жеңімпаздық пен жеңіс те атқосшың болсын, тарта бер.

***

Заңсыз туған бір ұлды, жасыру қолдан келер ед, Өмірде еткен ісіңді жасыра алмайсың, не керек!

***

Дүниенің байлығын басына үйіп қойсаң да, Алғыс айтпас пенденің әдеті ғой қашан да.

***

Құзғын неге жүз жасайды, әділет қайда жалғанда, Сүйкімді құс, дос қарлығаш бір күн жасап арманда.

***

Ақылдының орнына ақымақ кеп қонды да,

Ұмытты көк есегін де, үсті жыртық тонды да.

***

Уа, жарандар, досыңның қанын босқа артпай жүр, Жалғыз қолмен қос қарбыз көтерген жан жоқ әзір.

*** Жақсы-жаман істеріңді тізіп берсе жасаған, Батпақтаған есектейін болар едің есалаң.

***

Ғимараттың ірге тасын нықтап алсаң болғаны: Ірге тасы ғимараттың ең негізгі қорғаны

***

Махаббатым – еңбегімдей оңашада ойланған, Махаббатсыз – дүние бос, жайбарақат жайланба!

                                  ***                            

Жастық кетті, сол жастықпен ән де кетті біржола, Көңіл-күйім ауыр тартты, өмір болды зілзала.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *