ӘЛИ ибн ХАСАН Чагра хан Жалал әд-Дин Әли ибн Хасан

ӘЛИ ибн ХАСАН Чагра хан Жалал әд-Дин Әли ибн Хасан (т.ж.б. – 1160/61) — 1160/61) — Қарахан әулетінен шыққан Мауераннахрдың билеушісі (1156 — 60/61). Сатұқ Боғра ханның 6-ұрпағы. 12 ғ-дың ортасындағы самарқандық және үзгендік билеушілер арасындағы күресте Ә. ибн X. жеңіске жетіп, Самарқан тағына отырған. Сол кезден бастап Қарахан әулеті күйрегенге дейін Мауераннахр билігі үзгендіктердің колында болды. Ә. ибн X. өзіне дейінгі Қарахан әулеті билеушілерінің саясатын одан әрі жалғастырып, қарлұқ тайпаларының қарсылығын басып отыруға тырысты. Олардың көсемі Бейгу ханды өлтірді. Ә. ибн X. бұл дүниеден өткеннен кейін билікке Қылыш Тамғаш хан Масуд келді. Кейбір зерттеушілер оны Ә. ибн Х-ның ұлы десе, басқалары інісі деп түсіндіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *