Пиндар
(б.з.б. 518-438)
Ежелгі грек ақыны (лирик)
*** Мемлекеттің мызғымас негізі – әділеттілік.
Луций Анней Сенека(Кіші Сенека)
(Біздің заманымыздан бұрын 5жылы Кордуба, біздің заманымыздың65, Рим,)
Луций Анней Сенека (Seneca)-Римдік, әрі ақын, әрі көсемсөзші, әріфилософ ретінде аты тарихта қалған.Тағдыры өте күрделі тұлға. Ол сенатор болып, онан соң қуғындалып жер аударылған, одан император мұрагерінің- зұлымдығы мен залымдығынанатағы шыққан Неронның тәрбиешісі, сол арқылы нақты елдің билеушісі болған, артынан ұмытылған шонжар, отставкадағы оппозиционер болып,ақыр соңында император жауыздығының құрбаны болып, өзіне- өзі қол жұмсаған, яғни өз дәуірініңбарлық маңызды оқиғаларының куәгері ғана емес, қатысушысы да болған адам. Ол осылай бірде биікке самғап, бірде биіктен оңбай құлап өмір кешкен.
***
Өзіңмен көбірек сөйлес.
***
Дәрілерді жиі ауыстыру ауруға ем болмайды. Түрлі дәрі жаққан жараның жазылуы қиын. Өсімдікті бір орыннан екінші орынға ауыстырыпотырғыза берсең, жайқалып өспейді.
***
Дос болғың келген адамды жан-тәніңмен қабылда, пікіріңді ашық айт, онымен өзіңмен сөйлескендей сөйлес. Сонда оны танисың. Танып болған соң одан күдіктенбе. Онда ол сатқынға айналады. Оған сенсең- сенімді етесің.
***
Әбігершілікке құмарлық- қайраткерліктің белгісі емес, рухы ылғи жаншылып езілудің белгісі және әрбір қимылды ауырлық санау әдеті- алаңсыздықтың белгісі емес, еркелік пен имансыздықтың белгісі.
***
Табиғаттан кеңес сұра, ол саған күн мен түнді жаратқанын айтады.
***
Бастаған ісіңді табандылықпен жалғастыр және жаныңның жайлылығы мен жетілуінен ұзағырақ рахат алу үшін асық.
***
Көп адамтікенекті бұтақ пен үшкір тастарға жабысқандай жабысатын мына өмірден ешбір қиналыссыз айырылыса алатындай болуды күн сайын ойлаған.Көп адам өлімнің қорқынышы мен өмірдің азабы арасындааласұрады: олар өмір сүргісі де келмейді, қалай өлуді де білмейді. Өз өміріңді қызықты ет, ол жайындағы барлық үрейді таста. Жоғалту әзір тұрмаса, ешбір игілік оның иесіне қуаныш әкелмейді.
***
Кім өзінің өмірін жек көрсе, өзгенің өміріне қожайындық жасайды.
***
Аштық пен шөлге шыдай алмай, өзіне алакөздеу қарайтындардың есігін қақпа, қабағын түйе жақтырмай қарағандар мен сәлеміңді әрең алатындарға барма.
***
Тобырдан жақсырақ өмір сүру үшін бәрін жасауға тиіспіз.
***
Өзім үшін алған білімім, қанша ізгілікті болса да, мені ешқандай қанағаттандырмайды.
***
Гекатоның мына сөзі маған ұнады: «Сен менен қандай жетістікке жеттің деп сұрайсың. Мен өзіме-өзім дос болдым.»
***
Барлығынан бұрын неден қашу керектігін білесің бе? Тобырдан! Тобыр ішіне кірсем сол күйімде шыққан кезім болған емес. Одан бір нәрсе жұқтырып, кірленіп шығасың. Одан шыққанда сараң, менмен, сән- салтанатқа құмар, ашушаң және қатыгез болып шығасың.
***
Кімнің ісі жүріп тұрса- достары мың сан, қиналысқа түссе- айналасы шөл.
***
Адамдармен өмір сүргенде, Құдай саған қарап тұрғандай бол, Құдайға қарата сөз айтқанда, сені адамдар тыңдап тұрғандай бол.
***
Әрбір күніңді соңғы күндей, өміріңді аяқтап тұрғандай етіп шығарып сал.
***
Өзімнен өзім озсам де!
***
Эпикур: «Көп адамдар байлық жию арқылы ауыртпалықтарынан құтылам деп ойлайды, олар қайта басқа қиындықтар тауып алады» деген. Оған таңданатын ештеңе жоқ, ауру адам ағаш керуетте жата ма, алтыннан жасалған керуетте жата ма, қайда болса да кеселі бірге жүреді.
***
Өзінің кемшілігін білмейтін адам, оны болдырмауға тырыспайды.
***
Жан рахатына жеткісі келгендер құрмет пен игілікке тек адалдық арқылы жетсін.
***
Адалдықпен кешкен өмірді қысқартқанмен, одан оның адалдығы азаймайды.
***
Посидоний: «білімдар адамның бір күні тоғышардың ұзақ ғасырынан да ұзақ» деген. Бақытсыздықта уайымға түсіп кетпе, сәттілікке сенбе, талайының алдамшылығын ойла- ол бірде оңынан, бірде солынан келеді.
***
Қанжар өзі ешкімді өлтірмейді, бірақ ол өлтіруге құрал бола алады.
***
Білсең де, білмесең де солай болатын болса, болмай қоймайтын нәрсені алдын-ала білудің керегі не?!
***
Адамға қатысты істердің қайсысын алсаң да, оның біліп алатын және зерттейтін нәрселері қисапсыз көп, соны жаныңның қоржынына сыйғызу үшін басқа артық нәрсенің бәрін жан қойнауларынан қуып шығу керек. Ізгілік тар, лас жерде жасалмайды. Жаныңды тазарт, керексіз нәрселерді қоқысқа таста.
***
Жақсылық пен жамандықты зерттейтін тек философия ғана. Уәдеге беріктік-өрте, ұр, өлтір, бәрбір сатып кете алмаймын,- дегенге алып келсе, ондай қаскөйліккенегізделген уәде, беріктік неге керек.
***
Ақылманның тамақ табуы жеңіл. Өйткені оған көп нәрсенің керегі жоқ.
***
Отанды ұлы болғаны үшін емес, өзіңдікі болғаны үшін сүйесің.
***
Астың молдығы- ақылдың дәлдігіне бөгет болады.
***
Өзі туралы ғана ойлап, бар нәрседен өзінің бас пайдасын іздейтін адам бақытты бола алмайды.
***
Ерлік– үрейді жирене жек көру.
***
Кедей деген дүние- мүлкі аз адам емес, соны қалай көбейтсем екен деп жанталасып жүргендер.