ӘЛИ ибн МҰСА, А р с л а н хан Әли

ӘЛИ ибн МҰСА, А р с л а н хан Әли (т.ж.б. — 998, Қашқар) — Қарахан әулетінен шықкан билеуші (992 — 998). Сатұқ Боғра ханның немересі. Билік басына Харун Боғра хан (Сатұқ Боғра ханның Сүлеймен атты ұлынан туған немересі) қайтыс болғаннан кейін келген. Жамал Қарши Ә. ибн М-ның Қашқарда жерленгендігін, Шахид (азаптап өлтірілген), Харик (өртеп өлтірген) деген аттары болғандығын айтады. Ә. ибн М-ның Ахмед, Насыр Елік (Элик) хан, Мұхаммед және Мансұр атты ұлдары болған. Бұлардың ішінде Насыр Елік хан 999 ж. Бұхараны алып, 1005 ж. Орта Азиядағы Самани әулетін құлатып, Әмударияға дейінгі жолдардың бәрін бағындырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *