Ұйымдыстырушы: Мұратова Фариза Мұхамбетқызы
Қатысатын оқушылар: 6, 7 – сынып оқушыларыЖас Дарабоз
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, ой – өрісін, тілін ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, атақты ғалымдардың көркем сөздері, тапсырма жасырылған санды ұяшықтар, қатысушылардың қолынан шыққан бұйымдар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда түрлі қызық бар,
Бірі шапшаң, бірі алғыр
Қатысады балалар.
Бірге анықтап Дарабозды,
Бірге баға берейік,
Жас Дарабоз атағын
Кім алады көрейік!
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді, мықты, алғыр жастар екені даусыз. Мақтансақ, жастарымызбен мақтанайық. Осы мақсатпен «Жас Дарабоз» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз. Барша қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік:
1.Маратова Ақсұңқар
2.Сапарова Нұрай
3.Мұратова Ұлжан
4.Бекбол Нұрқанат
5.Асқар Айдын
Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Кіріспе сөз:
Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт- дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
1 бөлім: «Таныстыру»
2 бөлім: «Бәйге»
3 бөлім:«Тіл – өнер» жұмбақ (үш тілде)
4 бөлім «Адасқан әріптер»
5 бөлім: «Жас өнертапқыш»
6 бөлім: «Марапаттау»
1 бөлім «Таныстыру»
Қатысушы оқушылар, өздері жайында шағын мәлімет беріп, әр – түрлі (өлең , ән, көркем сөз ) таныстырады.
II бөлім «Бәйге»
Тақтаға санды ұяшықтар беріледі, әр оқушы ұяшық таңдап, ұяшықта жасырылған сұраққа жауап беруі керек.Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар (9)
2. Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
4. Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек )
5. Ы. Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан)
6. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
7. Әнұранның сөзін жазғандар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
8. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
9. Төртбұрыштың бір бұрышын кессең, қанша бұрыш қалады? (5)
10. Мысыр пирамидасын салуға қанша уақыт кетті? (20жыл)
11. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, бұлт)
12. Жылқының сүті: (қымыз)
13. Жеті қазынаға нелер жатады(ер жігіт,ақыл-білім,сұлу әйел,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық, жүйрік тазы
14. Көбейтудің қасиеттерін ата? (терімділік, үлестірімділік, орын ауыстырымдылық
15. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам кім? (Ю.Гагарин)
III бөлім: «Тіл – өнер » үш тілде айту (қазақ, орыс, ағылшын ). Жасырылған жұмбақтың жауабын кім бірінші боп тапса, сол жауап береді. Дұрыс жауабына – 5 ұпай, орысша аудармасына – 10 ұпай, ағылшынша – 15 ұпай.
1. Жердің табиғи серігі
(Ай – луна — moon )
2. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
(өшіргіш – ластик — rubber )
3. Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарны қампиған.
(жастық – подушка — pillow )
4. Жерде де мекен етеді,
Көлде де мекен етеді.
(бақа – лягушка — frog)
5. Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады.
(өрмекші – паук — spider )
6. Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе.
(айна – зеркало — mirror )
7. Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді.
(су-вода-water)
8. Өзі арық, сөзі әріп.
(Қалам-ручка -pen ).
IV бөлім «Адасқан әріптер»
Тақтада адасқан әріптер беріледі. Сол әріптерден қазақ тіліне байланысты сөз құрап, қағазға жазу керек.
Ұпай саны – тапқан сөздерімен бірдей саналады, яғни бір сөзге 1 ұпайдан беріледі
СЕАНІМС ДСЫБЫ АСБТАШУЫ
ЗӨС СЙӨЕЛМ БЯАДНУАШЫ
ЫШАЛУ ЕСМІКІД ОАДЙАҒ
ПСЫҚЫАТШЫУ СҮЕУТ ДУАСЫСЗЫ
V бөлім: «Жас өнертапқыш»
Бұл бөлімде оқушылар ата –анасымен бірігіп, ізденіп, ерекше техниканы ойлап тауып, қолдан жасап әкеледі.
Жасап әкелген (бұйымдары)техникаларымен жан – жақты таныстырады… Жасаған техникаларының ерекшеліктеріне қарай бағаланады.
VI бөлім: «Марапаттау»
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың, дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Жеңімпаз оқушыға «Жас Дарабоз» атағы беріліп,лента тағылады және қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлығы мен дипломдар табыстаймыз.