БІЛІМ

БІЛІМ (ағылш. knowledge) тұл- ғаның белгілі бір жүйемен қалыптас- қан ұғымдарының, деректері мен па- йымдарының т.с.с. мәселеге немесе құбылысқа байланысты нәтижесінің жиынтығы. Б.- ақыл-ойдың іс-әре- кетін объективті шынайылықты тә- жірибе арқылы бейнелеп дәлелдеуге жетелейді. Б. сана, танымдық үрдіс- тер, ақиқат, ғылым т.б. күрделі де те- рең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Б-ді танымдық деңгейіне қарай, шындық- ты жан-жақты қамтуына, терең мә- ніне, жете бейнеленуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынадай түрлер- ге бөледі: тұрмыстық Б., ғылымға дейінгі Б., ғылыми Б., эмпирикалық Б. және теориялық Б. Б-нің қай түрі болсын, адамзат тәжірибесінің негізінде дамиды. Б-ді психология- лық тұрғыдан зерттеген ғалымдар: Т.Куни, М.Полани, М.Лютер, И.Фих- те, Б.Еникеев, А.Пятигорский (1966), Н.Мусхелишвили мен Ю.Шрейдер (1998), В.П.Зинченко т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *