БӨБЕК

БӨБЕК – бір жасқа жақын өз бетін- ше отырып, тұрады, кей бала 9-10 ай- лығында қаз тұрып, жүре де бастай- ды. Түрегеліп тұру, жүру оның таны- мын кеңейте түседі, ол бұрын көрме- ген заттарымен әуестене бастайды. Үлкендермен қарым-қатынасында да заттарды танып, білуге бағытталған сәттер байқалады. Сәби ойыншық- тың «не нәрсе екенін», оны не істеу керек екенін» білгісі келеді. Бала ды- быс шығарып уілдейді, үлкендерге жылы шырай береді, ұмтылып, бір нәрсе айтқысы, сұрағысы келеді. Мұ- ның аяғы кейде айқай, қыңқыл, жы- лауға барып ұштасады. Осылардың барлығы да өз айналасын қоршаған дүниемен шама-шарқына қарай бай- ланыс жасауға талпынудың қажеті- нен туған жайлар. Осы кезде бала- ны сөйлеуге үйрете бастаған дұрыс. Балаға сөзді бұрмаламай жеткізген- де ғана жеке сөздерге, сөз тіркесте- ріне түсіне алатын болады. Сөздік сигналдар баланың есту, көру қабыл- дауына қатарынан әсер ететіндіктен, сөздің мәніне түсіну балаға онша қиынға түспейді. Бір жасар балада 10-15 сөз болады. Бұл – баланың ак-тив сөздігін құрайды, өйткені енді сөздердің мәніне түсінеді, оларды өзі де айта алады. Бөбек алдымен зат- тың атын білдіретін, кейін оның қи- мылын білдіретін сөздерді меңгере- ді. Үшке аяқ басқанда өз айналасына байланысты айтылатын барлық сөз- дердің мәнін түсіне алады да, өзі де сөйлем құрастырып, «әңгімелесуге» жарап қалады.

Баланың тілі шығып, жүре бастауы оның түрлі қажеттерін өзі орындауға (тамақ ішу, киіну т.б.), әр түрлі заттар- дың атқаратын қызметін ұғынуға мүм- кіндік береді. Бала біртіндеп нәрсе- лердің негізгі, өзіне тән белгілерін, ортақ қасиеттерін аңғарады, кейбір сөздің мәнісіне түсініп, оларды жал- пылай білетіндігін көрсетеді. Мәселен, балаға «мияуың қайда?» десе, оның бейнесін қимылмен білдіреді, немесе өз сөзімен жауап қайтарады. Мәселен,

«мияу» деген сөз – бөбектің мысық- ты көргенін немесе оның даусын ес- тігенін, одан қорыққанын немесе ұс- тағысы келетінін білдіретін сигнал. Кейде ол жүннен істелген нәрселерді де осылай атайды. Бұл оның ойлауын- да жалпылау тәсілінің біртіндеп қа- лыптасып келе жатқандығын байқа- тады. Біртіндеп баланың ойлауында анализ, синтез тәсілдері пайда бола бастайды. Мәселен, ол ең алдымен үлкен қызыл шарды бір тұтас нәрсе деп ұғынса, кейін оның түсі, мүсіні жөнінде ойлауды үйренеді.

Бұл жөнінде И.М.Сеченов былай дей- ді: «Сыртқы әлемнің заттарын ба- ла тек бөлек күйінде емес, сол тұтас заттардың бірімен-бірінің, сондай-ақ олардың әрбір бөлшектерінің тұтас затқа қатысы қандай екенін біле бастайды… Баланың орашолақ ойынан барып біртіндеп ой тізбегі пайда болады. Үш жастағы бала үлкендер- дің сөзін (тақпақ, өлең, ертек) тыңдау- ға өте әуес келеді. Осыдан барып баланың ой-өрісін өсірудің, оған тәр- бие берудің алғашқы сатысы баста- лады. Сөздік сигналдар бөбектердің мінез-құлқын тәрбиелеудегі шешуші рөлге ие бола отырып, тәрбиешілерге де зор міндет жүктейтіні сөзсіз. Осы кезден бастап балалардың сөйлеу бел- сенділігін арттыру үшін, ересек адам- дар баламен үнемі сөйлесіп, пікірле- сіп отырулары керек. Екі жасқа қа- рай балада бір сөзден құралатын жай сөйлемдер, одан былай қарай екі-үш сөзден құралатын жай сөйлемдер туады. Екі жастың аяғында тіл даму- дың жаңа кезеңі басталады. Бұл ке- зеңде бала ана тілінің көлемінде бі- раз сөздерді, атауларды меңгереді. Жанұяда жақсы тәрбие алған бала- ның осы уақыттағы сөздік қоры 800- 1000-ға дейін жетеді. Бала кішкентай өлеңдер мен ертектерді тез жаттап алатын болады. Бұл айтылғандар оның барлық психикалық процестерінің дамуына (қабылдау, ес, ойлау, ерік т.б.) қолайлы жағдайлар болып табылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *