БОРЫШ СЕЗІМІ

БОРЫШ СЕЗІМІ – адамның мо- ральдық сезімдері деп аталатын се- зімдердің ішіндегі өте маңызды және орталық орын алатыны. Ол әр алуан адамның қоғам алдындағы немесе жеке адамның әке-шеше алдындағы адамгершілік парызын өтеуіне қо- йылатын талап. Жеке адамға қоғам тарапынан қойылатын талаптың қо- ғам мүшелерінің бәріне ортақ мін- детті болуы заңды. Мыс., әр азамат кәмелетке толған соң әскери боры- шын өтеуі, армия қатарына шақыры- луы міндетті. Немесе «Табиғатты (өзен, су, орман-тоғайды) қорғау – әр азаматтың парызы», – деген консти- тутцияда жазылған мемлекеттік талап бар. Ол талапты орындау – қоғам мүшелерінің бәріне ортақ, міндетті заң болып саналады. Сондай-ақ, жеке адамдардың ар алдындағы азаматтық борышы болып саналатын мораль- дық талап: әке-шешенің баланы асы- рап сақтауға міндеттілігі немесе керісінше қарт ата-аналарын бала- ларының бағып-күтуге міндеттілігі – заң жүзінде де, моральдық жағынан мойын ұсынып, мүлтіксіз орындауы азаматтық ар алдындағы да қалыптас- қан міндеттілік борышы. Б. – жеке адамның өзгелер алдындағы жауап- кершілігінің көрінісі. Борыштың өл- шемі, мағынасы парызға жуық. Б. –кәсіби әдептанудың негізгі катего- риясы: жауынгерлік Б., дәрігерлік Б.,ұстаздық Б., ата-аналық Б., т.б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *