БОЗБАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ –жас мөлшері жігіттік пен жасөспірім- дік шақтың аралығынан табылатын 15-17-дегі, кейбірі әлде де мектепте оқитын, енді біреулері түрлі қызмет- те жүрген бозбала балаң жастағылар- дың осы кездері бойлары өсіп, салма- ғы артып, кескін-келбеті де ересек адамға жақындайды, жан қуаттары мен дене күшінің (бұлшық еттері,қаңқасы) мүмкіндіктері арта түседі. Жас адамның жыныстық жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан дүниесіне ерекше үңіле түсуі, құрбы-құрдас, жора-жолдастарымен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы, бойымен қатар ақыл-ойының да біршама то- лысуы осы жастағыларға тән негізгі психологиялық құрылымдар. Жастық шақ – адам өмірінің көктемі. Бұл жайлы халқымыз жеріне жеткізе айт- қан. Мәселен, «Ақыл – жастан», «Жас- тық – жалын», «Болымдының бала- сы он бесінде баспын дер», «Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол» секілді қатты сөздер боз бала- лық шақ – адамның ақыл-ойы қауырт өсетін, қажырлы іс-әрекетке, қимыл қозғалысқа аса құштар, албырт, ро- мантикалық кез екенін өте дәл бей- нелейді.
Жастық шақтың басты белгісі – адам- ның жаны мен тәнінің сапалық, сан- дық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қо- ғамдық белсенділігі артады, сана- сезімі өседі, жан қуаттары шыңдала, молая түседі. Ол өзі өмір сүретін ор- тадан тиісті орнын алуға тырысады, қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға талпыну, рухани өмірге қы- зығу, имандылық пен адамгершілік идеялары оянып, кемелдене бастай- ды. Халық даналығы жастарға қызы- ғы мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де табылмайтын адам өмірін- дегі осынау қызықты кезеңді бос өт- кізсең – оның орнын еш уақытта да толтыра алмайсың дей келіп, – бұл кезде ғылым-білімді, өнердің сан алуан түрлерін меңгеруге адамның мүмкіндігі мол болатынын, сол себепті оған көп оқып, үлкендерден тағылым алып, үйрене, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, олар- дың еңбексүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі азамат болуын аңсайды.
Мәселен, «Жігіт адамға жетпіс өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын», «Менмендік – жігіттің со- ры», «Өзім білем деген жігіттің – ба- сына ойран салғаны, көп біледі деген жігіттің – басына қорған салғаны»,
«Селтеңдеген жігіттің серкесінің со- ры», «Жасында көргені жоқ, өскенде айтары жоқ», «Жас күніңде еңбек қылсаң, есейгенше жетілерсің», «Жас- тың жұмыссыз жүргені – сөкет», – де- ген мақал-мәтелдер – бозбалаға, жас жігітке тікелей айтылған ақыл-кеңес- тің бір тобы. Балғын жастық шақ – тасқындаған күш-қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен, өзіндік сенімімен бәрін де елжірей қабылдай беретін, өзіндік ерекшелігімен көрінетін қай- таланбас тәтті дәурен. Осы жаста- ғылардың арманы да, мақсаты да көп. Бұл оған зор түрткі болып, ылғи да мазасын алып, тыным таптырмайды. Кім болам? Не үшін бұл дүниеге келдім? Тірлікте не тындырам? Жұртқа қалайша пайдамды тигізем? Өзімді қоршаған дүниенің сыры неде? Оның жақсылығы мен жаманшылығы қоса жүретіні несі? Адам қатарлы өмір сүру үшін қандай мінез керек, оны қалай тәрбиелеуге болады? Бозбала шақтың аса бір жан сұлулығы – оның өзіндік романтикасы, әсіресе болашаққа де- ген таудай талабы мен үлкен үмітін- де. Он бесте тартып міндім аттың жалын, Сол кезде айтқан сөзім – от пен жалын, Бүркіттей тасқа түскен талап етіп, Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын… Балғын жастың осындай психологиясын кезінде Шал ақын осылайша сипаттаса, кейіннен ой- шыл ақынымыз С.Торайғыров «Адас- қан өмірде» төмендегіше көрсеткен: Бұл жаста көп: бересі-аласы да, Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын мынасын ба, анасын ба?.. Әр үміттің қиялы сәулеленіп, Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім… Күн сайын тұрады артып қайрат- күшім. Асығыс жоқ, мен әлі жетем деймін, «Дәл бүгін жетпедім деу бе- кер», – деймін. Ірі мақсат болмаса ұсақ іске, Неге мен алданамын уақыт бөліп?! «Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, – деп жазды Б.Г.Белинский, – мұның басқа жас кезеңдерінен ерек- шелігі – барлық әдемілік атаулы мен асқаралы мұратқа біртабан жақын- дығы».
Бозбаланы ойлантып, тебірентпейтін нәрсе жоқ. Олар: әр түрлі адамдардың мінез-құлқы мен дүниетанымы, кө- ңіл күйлері, адамгершілік жайлы тол- ғаныстары, жұртшылық пен жеке бас мүддесінің ара салмағы, бақыт пен борыш, қарыз бен парыз, достық пен махаббат, басқа жыныс өкілдерінің сырларын танып-білуге құмарту, ма- хаббатқа аңсары ауу, т.б. Бозбала өзін еңбек пен оқу үстінде жасөспірімдер- ден гөрі айқын танытады, істе азамат- тық ар-намысымен қимылдайды. Оның әртүрлі іс-әрекетінен жеке басының бағыт-бағдары, инициативасы мен іскерлігі, қоғамдық белсенділігі, ерік- жігер, қажыр-қайраты қалайша қалып- тасып келе жатқанын байқауға бола- ды. Бұлардың көпшілігі өзінің ұжым- дағы, қоғамдағы орнын жақсы түсіне- ді, досы мен дұшпанын ажырата ала- ды, көкейтесті арманы мен талғам- паздық сезімдері өрістейді.Осы кезеңдегі еңбек пен оқудың ой- дағыдай ұштасуы олардың күрделі жан қуаттарының (ойлау, сезім, қайрат, т.б.) дамуына қолайлы әсер етеді. Мә- селен, олар оқып-танып меңгеретін қоғамдық және жаратылыстық пән- дер (алгебра, физика, химия, қоғам тану, т.б.) бұлардың абстракті логика- лық ойлауын дамытуға жағдай жа- саса, оқу-өндірістік комбинаттарын- да тәжірибеден өту – еңбек дағдыла- рын, шеберлік пен ептілік икемдікте- рін жетілдіруге жәрдемдесетіні сөз- сіз. Бозбаланың интелектісі (қабыл- дау, ес, қиял, т.б.) шарықтап, дами түсетіндіктен, олардың қабылдауы да жүйелене, күрделене түседі. Естің логикалык, мағыналы жағы, әдейілеп еске түсіру, қайта жаңғырту форма- лары жаңа мазмұнға ие бола бастай- ды, ойлау қабілеті белсенді, орамды, терең, дербес болып келеді. Олар жұрттың айтқанын таразыға салып, сын көзімен қарап, бұларды пайым- дай салыстырып, содан кейін ғана тиіс- ті қорытындыға келуге тырысады.
Шығармашылықтық ойлау, яғни ай- наланы жәй ғана аңғарып қоймай, өткендегіні де танып-білуге құмарту, болашаққа көз жүгірту, заттың ішкі мәнін, сыр-сипатын, жалпы заңды- лықтарын тұжырымдау – осы жас- тағылардың ойлауына тән басты ерек- шелік. Балаң жастағылардың дүние танымы мен сенімін қалыптастыру ісіне әлде де болса тәлімгерлер тара- пынан жолбасшылық қажет. Өйт- кені, оқу мен тәрбиенің, теория мен практиканың, интеллект пен сезімнің, жігер мен мінездің, сенім мен талғам- ның қалыптасып, шыңдалуы аса күр- делі құбылыс. Жайсаң мінез, нақты дүниетаным мен берік сенім жоқ жерде нағыз имандылық пен адамгерші- лік, жайсаң жан сұлулығы қалыптаса қоймайды. Жасыратыны жоқ, кей жерлерде дүниетаным мен сенімді қа- лыптастыру ісіне жекелеген ересек адамдар жүрдім-бардым қарайды, олар әр жастың белсенді өмірлік бағыт- бағдарын, өзіндік көзқарасын, яғни оларды терең толғандырып жүрген небір шытырман психологиялық те- біреністерді, осы кезеңде кездесетін кейбір мінез қайшылықтарын, бұдан туындайтын дискомфортты елеп-ес- керіп жатпайды да, жас ұланға бері- летін ақыл-кеңестер көбінесе жал- пылама, үстіртін болып келеді. Тә- лімгерлердің іс жоспарларында әр бозбаламен дербес жүргізілетін жұ- мыстар ойластырылса ләзім.
Бұл жердегі негізгі түйін – ата-ана мен тәлімгер қауым балаң жастың жан дүниесіне толық бойлап, олардың толғаныс-тебіреністерін, мақсат-мүд- делері мен талап-талпыныстарын барынша дұрыс түсіне біліп, дер ке- зінде қол ұшын беруі, оларға әр кез аса сезімталдықпен, байсалдылық- пен, сергектікпен қарауы тиіс.