ӘЛИЕВ Мұхтар

ӘЛИЕВ Мұхтар (2.2.1933 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Талап қыстағы) – ғалым, мед.ғыл.докторы (1974), проф. (1976), Қазақтан ҒА-ның академигі (1989), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1996). Алматы мемл. мед. ин-тын бітірген (1957). 1957 — 63 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мекемелерінде дәрігер, 1963 — 80 ж. Алматы мемл. мед. ин-тында (казіргі Қазақ мемл. мед. ун- ті) аспирант, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі. 1982 — 87ж. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болды. 1980 жылдан өзі негізін қалаған А.Н. Сызғанов атынд. хирургия ғыл. орталығының директоры және кафедра меңгерушісі (1991). Негізгі ғыл. еңбектері торакальды (кеуде қуысы), абдоминальды (іш қуысы), қан тамыры хирургиларына, транспланталогиялық, эндоскопиялық хирургия мен микрохирургия салаларының теор. және практикалық мәселелеріне арналған. Жеке өзі 13 мыңнан астам операция жасаған. Оның ішінде бауырдың эхинококк ауруын лазермен күйдіру, аяқ- қол микрохирургиясы, қан тамырларын пластикалық жолмен байланыстыру және асқазанға хирург.-пластикалық операциялар жасау әдістері хирургиядағы елеулі жаңалық болып саналады. Ә. Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет балаларға бүйрек, бауыр алмастыру (трансплантация) операцияларын және өт жолына, аналық без ісігіне, соқыр ішекке эндоскопиялық әдісті қолдануды ойдағыдай жүзеге асырды. Қан тамырларына жасалатын опе- рацияны жетілдіріп, хирургиялық тәжірибеге енгізді. Ә- тің еңбектерінде ұйқы безіне ау-тотрансплантация жасау, бүйрек және айырша бездеріне лапароскопия әдісін қолдану ерекше орын алады. Сондай-ақ ол Қазақстанда алғаш рет қолка мен төждік (коронарлық) артерияларды жалғастыру операциясын жасаған. 34 авторлық куәлік пен патент алған. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1988).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *