БИХЕВИОРИЗМ (ағылш. beha- vio(u)rism – қаз. қылық, жүріс-тұрыс)– XX ғасырдың бас кезінде қалыптас- қан психологиялық бағыттардың бі- рі. Б. теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық пси- хологиясы АҚШ-та ерекше дамы- ды. Б. бағытының көрнекті өкілі аме- рика ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәс- түрлі психологияның пәнін, жан құ- былыстарын жаңа мінез-құлық психо- логиясымен өзгерту қажеттігін ұсын- ды.1913 жылы Д.Уотсон психология- ны мінез-құлық туралы ғылым ретін- де қарастырды. Жаңа бағыттың пай- да болуы «Психология, оны бихевио- рист қалай көреді» атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді. Оның ав- торы Уотсон психология басқа жара- тылыстану ғылымдарының арасында өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге дейін психологияның пәні және зерт- теу әдісі теріс түсіндіріліп келді және психологияның зерттеу нышаны са- на емес, мінез-құлық, ал интроспек- тивтік әдістің орнына – субъективтік әдіс деп тұжырымдады.
Бұл мақаланы батыс психологтары
«бихевиористік төңкерістің» баста- луы деп бағалады. Мақаладан кейін- гі 10 жылдықта Б. толқыны барлық америка психологиясын қамтыды. Б. психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік эконо- миканың сұраныстарына байланысты. Бихевиористердің мақсаты – психологияны мінез-құлықты басқа- руға қабілетті білімнің саласына ай- налдыру. Д.Уотсонның түсіндіруін- ше, Б. түпкі мақсаты – адам мінез- құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез- құлықтың өзін суреттеу, организмге әсер ететін ішкі, сыртқы дене сти- мулдарын және оған жауап беретін мінез-құлық реакциясын байланыс- тыратын заңдарды тану.
Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бихе- виористердің дәлелдеуінше, негіз- гі ғылыми ұғымдар болып табыла- тын стимул – сыртқы ортадан келе- тін тітіркендіргіш, реакция – тітір- кендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы – ассоциация. Сонымен, Уотсон сана- дан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И.П.Пав- ловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді. Б. пайда бо- луына америка зерттеуші-ғалымы Э.Торндайктің (1874-1949) еңбек- терінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайк- тің негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді, олар «проблемалық жә- шік» деп аталатынға орналастырыл- ды. Э.Торндайк «проблемалық жә- шіктегі» жануарларлардың мінез- құлқын бақылап, байқау және қате- лесу әдісімен әрекет ете отырып, жа- нуарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген қорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясын қалыптасты- ру бірнеше рет қайталаудың нәти- жесінде іске асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реак- цияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).
Ашылған заңдылықтарды бихевио- ристер механикалық түрде адамға пайдаланды. Адамдардың жануар- лардан айырмашылығын олар реакция- сының өте күрделі сипатынан көре- ді. Бихевиористер мінез-құлықтың ор- таның әсеріне байланыстылығын дұ- рыс анықтап берді. Бірақ олардың тұжырымдамасы механикалық сипат- та болды. Олар кері реакцияның тек стимулмен емес, сонымен қатар ішкі жағдайлармен байланыстылығын ескермеген. Жануарлар психикасын зерттеуге адам мінез-құлқы моделі тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жа- нуарлар мен адам психикасының сапалық ерекшелігі бұрмаланды.
Д. Уотсон адамның мінез-құлқы тітір- кендіргіштерге бағыныштылығы ту- ралы ғылымды байыта түсті. Бұл байланыстылықты S→R (стимул – реакция) формуласы түрінде бейне- леді. Б. негізіне психологиялық зерт- теулердің пәні ретінде психиканы, сананы жоққа шығару жатады. Зерт- теу нышаны ретінде мінез-құлық- ты мойындайды. Психология ғылы- мына мінез-құлық пен ортаның ара- қатынасының заңдылықтарын зерт- теу ұсынылды. Бихевиористер жа- нуарлар сияқты адам да жай тетік, машина тәріздес сыртқы ортаның әсеріне жауап береді дегенді айта- ды. 1925ж. Д.Уотсонның кезекті еңбегі
«Бихевиоризм» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте негізгі идея сырт- қы тітіркендіргіштердің нәтижесінде кез-келген келбеттегі, мінез-құлық- тағы адамды «жасауға» болатындығы айтылды. Бұл еңбекте тек туа біт- кен қасиеттердің мәні жоққа шыға- рылған жоқ, сонымен қатар жеке тұл- ғаның өзінің сенімі, ұстанымы және қатынастары жоққа шығарылды. 30- жылдардың өзінде бихевиоризм идея- сының өміршеңдігі, оның мәнділігі бірте-бірте шайқала бастады. Амери- када кезекті экономикалық тоқырау басталды, жаппай жұмыссыздық, ха- лықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті.
Көрнекті америка психологі Роберт Вудвортс функционалдық психоло- гияның негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиорис- тердің ұсынған «стимул – реакция» үлгісін жоққа шығарып, оның құра- мына аралық буын – ағза мен ұста- нымды енгізді, түрткі туралы ілім- ді талдады. Сонымен, Б. қатты сынға алынып, мінез-құлық психология- сының реформасы басталды. Ол ре- форманы Эвард Толмен жене Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деп аталды. Олардың айтуынша, психоло- гиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүм- кін емес, олар реакция мен стимул- дың арасында тұрады деді. Сонымен Б. барлық өз тарихының барысында психологияны мінез-құлық ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына ай- налдыру ұранымен шұғылданды. Б. және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі – олардың әдіснамалық негізі позити- визм және адам механикалық фило- софиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, осы екі әдіснамалық ұстаным негіз- сіз болды.