БИОГЕНЕТИКАЛЫҚ  ЗАҢ

 

БИОГЕНЕТИКАЛЫҚ  ЗАҢ (грек.bios – қаз. өмір және genesis – тууы, пайда болуы) – табиғаттағы әрбір тірі ағзаның жеке дамуы (онтогенез) кезінде сол түр эволюциясының (фи- логенезінің) аса маңызды кезеңдерін қысқаша және жылдам қайталап өту заңдылығы. Мұны заң ретінде алғаш неміс ғалымы Э.Геккель тұжырымда- ды (1866). XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында эволюциялық биология идеяларының психология- ға енуімен байланысты биогенетика- лық заңға сүйеніп, жануарлар мен адамның мінез-құлқы, психикасы қыз- метінің дамып, өзгеру механизмін түсіндірмекші болған, әсіресе оның ұрықтық дамуында өз түрі дамуының ерекшеліктерінің қайталауын ең ал- ғашында мұны Ч.Дарвин байқаған. Американдық психологтар С.Холл, Дж.Болдуин және т.б. адамның жас- тық дамуын антропогенездің қайта- лануы және адамзаттың тарихи да- муы ретінде түсіндірді. Осылайша, ерте балалық шақ алғашқы қауым- дық өнім мен тамырларды жинау ке- зеңімен, 5 жастан 12 жасқа дейінгі шақ аңға шығу кезеңімен, ал ересектік шақ – кәсіптік өндіріс кезеңімен және т.б. салыстырылды. Б.з. жаратылысты зерттеушілер Ф.Мюллер мен Э.Гек- кельдің баланың психикалық дамуын онтогенезбен (ағзаның жекелік да- муы) және филогенезбен (ағзаның та- рихи дамуы) салыстыруға байланыс- ты енгізілген  түсінік.  Баланың дамуын зерттегенде биологиялық эволюциясына басымырақ сүйенеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *