ӘЛИЕВ Дулат Көпбарұлы

ӘЛИЕВ Дулат Көпбарұлы (5.01.1948 жыл, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылы) — кескіндемеші. Санкт-Петербургтегі Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері ин-тын бітірген (1977). Алматы көркемсурет уч-щесінде (1977 – 82), Респ. Көркемсурет колледжінде (1991-94) ұстаздық етті. Ә-тің алғашқы танымал еңбегі – «Жатақханадағы шай ішу» картинасы (1969). Белгілі картиналардың қатарына: «Отырардың күйреуі» (1980), «Ас үй» (1981), «Қысқы кеш» (1982), «Ана мен бала», «Отандастар» (1983), «Достар», «Серуендеу» (1984), «Әңгіме» (1988), «Құпия кешкі ас» (1990), «Қыз бен тоты құс» (1993), т.б. жатады. Ә-ке балаларға арналған суреттер топтамасы үшін 1989 ж.Қазақстан Мемл. сыйл. берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *