ӘЛИЕВ Гейдар Алирза оғлы

ӘЛИЕВ Гейдар Алирза оғлы (10.05.1923 ж.т., Нахичевань) – Әзербайжан Республикасының президенті, мемлекет қайраткері. Әзербайжан мемл. Ун-тінің тарих ф-тін бітірген. 1941-44 . Нахичевань АКСР-ының Ішкі Істер Халкомында, 1950-67ж. Әзербайжан КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемл. Қауіпсіздік к-тінде, Мемл.қауіпіздік минитрлігінде жұмыс ітейді. 1967-69 ж.реп.Мемл.қауіпіздігі к-тінің төрағасы болды. Ген.-майор. 1969-82 ж. Әзербайжан Компартиы ОК-нің 1-хатшысы, 1982-87 ж.КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының 1-орынбасары, КОКП Саяси бюросының мүшеі, 1987-88 ж.КСРО Минитрлер Кеңеі жанындағы мемл.кеңешіі қызметтерін атқарды. 1991 ж. Нахичевань Автон.Респ.Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды, бір мезгілде Әзербайжан Жоғары Кеңесі төрағасының орынбаары болды. 1991 ж. 19 шілдеде Ә.өз еркімен компарти қатарынан шықты. 1992 жылдың қарашасынан бері «Жаңа Әзербайжан» партиясын басқарады. 1993 ж. Қазанның 3-і күні Ә.Әзербайжан Респ-ның Президенті болып сайланды. Ол Таулы Қарабах оқиғасымен байланысты әзербайжан – армн қақтығыстарының бәсеңдесіп, бір қалыпқа түсуіне көп еңбек сіңірді. Сыртқы және ішкі саясатта бейбітшілік, бітімгершілікті сақтауға, Әзербайжан Респ-ның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, экон.байланыстар саласында өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізуге баса көңіл бөліп келеді. Қазақстан Республикасы мен  Әзербайжан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты, түркі тілдес елдер арасындарғы бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты. Ол екі мәрте Соц.Еңбек Ері атағын алған, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *