Сатыпалдин Файзолла (1883-1959)—бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезінің, Бетпаққара аулында дүниеге келген. Жеті жасында діни сауат ашып, 1899 жылы Бұхарадағы Қожа Аһрар медресесін аяқтап, Құран қари (Құран Кәрімді жатқа айтушы) атанады. 1928 жылы халықты шариғат жолымен жүруге шақырғаны үшін аймақтық сот 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кеседі. ол 14 жылдық жазасын қара жұмыс пен 6 жылда өтеп шығады. өмірінің көп бөлігі қуғын-сүр гін мен өтеді.
Сатыпалдин Файзолла—ел есінде 1931-32 жылдардағы аштықта құрбан болғандардың әр жерде шашылып жатқан сүйектерін ең алғаш жинатып, жерлеуді ұйымдастырушы, қыр қазақтарын шағын өнеркәсіпке үйретуші ретінде сақталып қалған тарихи тұлға.