Жұбанұлы Шоңбай—Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туып-өскен. Шоңбай ақын жырлаған қазақ шежіресінің негізгі нұсқасын 1876 жылы қажыға барғандар (Құнанбай, Мырқы, Шабдан, Досжан қазіреттер) Меккеден әкелген деген мәлімет бар. Қарасөзбен жазылған шежірені Қайқыұлы Бек жан деген кісі Шоңбайға тапсырып, өлеңмен жырлауын өтінген.