Уақ

Уақ—орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректерінде уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. уақтың шығу тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан мен Н.Мыңжани ІХ-ХІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген онгуттарды уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен А.левшин оларды қазақ хандығына ХІV-ХVІІ ғасырларда ғана қосылды деп санаған. Ал Ш.уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай батырлар арқылы уақтар Алтын орда ыдыраған кезден бастап көріне бастады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша уақ Керей тайпасымен туыстас. уақтың алғашқы атамекені Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп, алға жылжуының салдарынан уақтар өзінің ата-мекенінен ығысып, солтүстікте Тобыл және үй өзендеріне, Батыста Торғай өлкесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр бойына дейін жетті. ұраны—Жаубасар, Бармақ, таңбасы—П < (босаға, ашамай).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *