Қаракесек—шежіре бойынша, орта жүздегі Арғын тайпасының «бес мейрам» аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Халық арасындағы кей шежіреде Болатқожаны даралап «төрт қаракесек» (Болатқожа, Қамбар, Жалықбас, Шұбыртпалы), басқаларында «үш қаракесек» (Шұбыртпалы кірмейді) деседі. Арғыннан—Болатқожа; Болатқожадан—Қаракесек; одан— Майқы, Бошан, Тапас болып жіктеледі. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы бүкіл Арғын тайпасымен бірдей болғанымен, Арғын ішінде Болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран еткен.