Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші жүздегі Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты тайпалардың ортақ атауы. Ежелгі мекені—Алтай. Х ғасырда Алтай бойынан ойысып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалармен араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге батысқа қарай жорық қа шығып, Мысырға дейін барған. Алшындар Х-ХІІ ға сырлар да Қырымда болған. ХІІ-ХІV ғасырларда Алшынның кейбір рулары Ноғай ордасының нығаюы үшін белсене күрес кен. Кіші жүз шежірешілері Алшын атын қазақтың алғашқы биі Майқы есімімен де байланыстырады. Алшын ұрпақтары башқұрт, татар және кіндік Азия халықтары ның құрамында да бар.