ӘЛИАРОВ БІРЛЕСБЕК ҚАНИҰЛЫ

ӘЛИАРОВ БІРЛЕСБЕК ҚАНИҰЛЫ (1.9.1939 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – энергетик, техника ғылымдарының докторы (1984), Қазақстан ҒА-ның корр.мүшесі(1994). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) және Алматы энергетика институтын (1983) бітірген. 1961- 1992 ж. Қазақ энергет.ғыл.-зерт. ин-тында аға лаборант, инж., кіші және аға ғыл.қызметкер, сектор меңгерушісі, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жөніндегі орынбасары болды. 1992 ж-дан осы ин-ттың директоры. Ол күлі көп Екісбастұз көмірін отын есебінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге және оны жағатын қазан құрастыруға қатысты. Сондай-ақ отынның жануы кезінде бөлінетін түтін құрамындағы улы заттарды кеміту мәселесін де зерттей отырып, нақты нәтижелер алды (мыс., азот тотығының мөлшері 2 есе кеміді). Қазақстан Мемл. Сыйл.лауреаты (1987).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *