БЕЙНЕЛЕУ  ТЕОРИЯСЫ

БЕЙНЕЛЕУ  ТЕОРИЯСЫ  – организмнің ми қызметі сыртқы әсер- лердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылыстың ті- рі суреті деуге болады. Неорганика- лық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер бейнеленеді. Мәсе- лен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал егер оны алып кетсек, оның суреті де айна бе- тінен жоғалып кететіндігі мәлім. Пси- хикалық бейне де осы іспеттес, яғни сыртқы орта әсер етпейінше, мида ешқандай психикалық құбылыс пай- да болмайды.Айна бетіндегі бейне де, адам миындағы бейне де «бейне- лену» деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырма- шылық жер мен көктей. Айна бетін- дегі сәуле «жансыз» сәуле болып та- былады. Ал адам миында болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі – соңғы бей- не өте күрделі, ол жүйке процестері жұмысынан туады. Адам миындағы бейненің тағы бір ерекшелігі оның сөздің әсерінен бейнеленуі.

БЕЙСАНА – санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқары- латын әрекет. Б. әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана, субъект өзі- не әсері бар екенін есеп бере алмай- тын шынайы құбылыстың ықпалы- мен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы неме- се психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылы- ғы, бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен, қазіргі және бо- лашақ жай бірігіп бір психикалық ак- тіде іске асады (мысалы, түс көруде). Бейсаналық балада ертеректе бола- тын (таным әрекетінде) ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрей- ленгенде, түстерінде, гипноздық жағ- дайда көрініс береді. Бейсаналы құ- былыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бей- саналықты динамикалық ығыстыру» терминін ғылымға енгізді. Ол бейса- налықта әлеуметтік нормалардың та- лабына байланысты іске аспаған әуес- қойлық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсана- лықты зерттеуге қазіргі кезде көп кө- ңіл бөлінуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *