БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫЛАРДЫҢ   ПСИХОЛОГИЯСЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫЛАРДЫҢ   ПСИХОЛОГИЯСЫ   – Мектепке түскен жеті жасар баланың бо- йы әрі қарай өсе береді, салмағы ар- тады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қа- тая түседі. Біраз уақыт шаршамай жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс- тұрысы оңтайлана, жылдамдыққа бе- йімділігі бұрынғысынан әлдеқайда артады. Баланың үй іші жұмыстарын орындауға да шамасы келеді (шаң- тозаңды сүртіп алу, еденді сыпырып, жуу, ыдыс-аяқты жинастыру, өсім- діктерді баптап, қора-бауда жұмыс істей алу т.б.). Осы жастағы бала- лар қимыл-қозғалысқа өте бейім ке- леді. Баланың, осы табиғи қажетінің орындалуына ылғи да мүмкіндік бе- ріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезін- де де, сабақтан келгеннен кейін де жүгіріп ойнауына тыйым салуға бол- майды. Мұғалім мен әрбір ата-ана жеті жастағылардың қимыл-қозға- лыстарының әлі де болса, тәртіпке түспегендігін (үйлесімді қозғалыстар толық дамып жетпегендігін) ескеруі тиіс. Мәселен, олардың, жүгіріп ой- нап жүріп, бір-бірімен соқтығысып, не болмаса сүрініп, құлап қалатын- дығы да осының салдары. Мұғалім баланың шамадан тыс алқынбауын қадағалап, үзіліс кездерінде ойнай- тын ойындарына басшылық жасауы, әсіресе ептілікке, қимылының дәлдігіне тәрбиелейтін қысқа уақыттық ойындар ұйымдастыру жағына ерек- ше көңіл бөлуі қажет.

Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыс- тары әбден оңтайлы, ширақ бола тұр- са да, саусақтарының уақ еттері әлі де толық дамып жетіспеген. Сондық- тан да олар дәл қимыл-қозғалыстар- ға шорқақ (инені сабақтай алмау, қайшы мен пышақты ұстаудағы ебе- дейсіздіктер). Балаға саз бен пласти- линнен мүсіндер жасату, сурет сал- дыру, доппен ойнату, ине, түйреуіш, пышақ, қайшымен жұмыс істеуді үй- рету арқылы мұғалім оның қолының уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ балаға тым ұзақ уақыт жаздырудың да қажеті шамалы. Мұндайда оның қолы талады, саусақтары қажиды, ба- ла жазуға көңілсіз қарайды, жазуы бұ- зылатын болады.

Бастауыш мектеп жасындағы балалар- да миының дамуы да жедел жүріп отырады. Мәселен, сегіз-тоғыз жасар балалардың миы анатомиялық жағы- нан ересек адамның миының струк- турасына жақындайды. Мидың маң- дай тұсы жедел өседі, онда жүйке- лік жаңа жолдар пайда болады. Жоғары жүйке жүйесінің процестері нақтылана, тәртіпке түсе бастайды, екінші сигнал жүйесінің мәні арта- ды, мидың анализдік, синтездік қыз- меті күрделенеді, тежелу процесі (оның актив, шартты түрлері) нығая түсетін болады. Осы айтылғандар- дың бәрі оқушылармен оқу проце- сін күрделендіре жүргізуге болатын- дығын жақсы көрсетеді. Мектепке жаңадан түскен баланың психикасы алғашқыда әлі мектеп көрмеген бала- ның ерекшеліктеріне ұқсас болып келеді. Өйткені аз уақыт ішінде бала психикасында қауырт өзгерістердің пайда бола қоюы қиын. Дегенмен, мектеп есігін ашқаннан-ақ бала пси- хикасы белгілі арнамен дами бастай- ды. Бала психикасының дамуында мектеп елеулі кезең екендігі даусыз. Бала мектепке дейін де (үйде, балалар бақшасында) оқиды. Бірақ мектепте- гі оқудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу бала үшін негізгі әрекет болып са- налады. Оқу материалдарын орындау оған арнаулы міндет болып жүктеле- ді. Оқушының жаңа міндетін түсінуі, сабақты жақсы үлгіруі – оның жеке ісі болмай, қоғамдық маңызы бар, не- гізгі мотив екендігін балаға түсіндіру мұғалімге оңайға түспейді. Өйткені бала мектепке түрлі дайындықпен келеді. Бір баланың оқу жөнінде бұ- рыннан жақсы түсінігі болады. Ол үйінде қалам, қарындаш ұстауды үй- ренеді, екінші бала мұндайды білмей- ді, яғни ол бұған психологиялық жа- ғынан дайындалмаған болады.

Мектеп есігін алғаш аттаған балаға мұндағының бәрі соны болып көрі- неді. Кейбір балалар мектепке тосыр- қап қарайды, жасқаншақтық қалып білдіреді. Көбінесе оның назары мұ- ғалімге ауады, қасындағы балаларда жұмысы болмайды, өзіне жолдас із- деуді, ұжым мүшесімін деуді де біл- мейді. Мұғалімнің сыныпқа айтқан сөзін өзіне де арнап айтылған сөз  деп ұға қоймайды. Оны тікелей қы- зықтырмайтын нәрселер (бұл, тіпті, сабаққа қатысты болса да) есінен тез шығады. Әдеппен жүріп-тұру, мектеп ережелерін орындау – көпке дейін қиынға соғады. Мектеп оқушысына тән мінез-құлық ережелерін үнемі қайталап отыру, оған баланы жат- тықтыру – бала мектепке түскен шақ- тағы мұғалім жүргізетін ең негізгі жұмыстарының бірі. Ол біртіндеп жаңа ортаға үйренеді де, енді айна- ласындағы балаларға көз сала бас- тайды. Үзіліс кезінде өзінің парталас немесе көшелес балаларымен шүйір- келеседі, сабақтан алған әсерін орта- ға салады.

Бірінші сынып оқушылары көбінесе сабақта өздерін ұстай алмайды, кей- де дауыстап сөйлеп жібереді не қат- ты күледі, оның жылауы да мүмкін, басқа балалардың үстінен шағым айтқыш келеді. Кейбір мұғалімдер сабақ үстіндегі осындай айқай-шуды басамын деп балаларға ұрсып-зе- киді. Бұл – осы жастағылардың пси- хологиялық ерекшеліктерін білмеу- ден туған қателік. Мұнымен мұғалім сыныпта тәртіп  орнатудың  орны- на, балаларды өзінің айқайына елік- тетіп, шуды бұрынғысынан бетер кө- бейтуі ықтимал. Осындай қимыл-қоз- ғалыстағы балаға мұғалім кейде: «Айт- қанға көнбейтін қандай жаман ба- ласың!» – деп те ұрсады. Бұл да дұрыс емес. Мұның орнына мұғалім балаға сабақ үстінде дұрыс отыру- ды, өзінің нұсқауын орындауды сол баладан байсалды түрде талап етсе, сөйтіп педагогтық тактіні сақтаса, бұл әдіс әлдеқайда тиімді болады. Мұғалім баланың білімін бағалауда өте әділ және өте әдісқой болуға тиіс. Сабақты нашар үлгіретін баланы да көтермелеп, оның жақсы оқуға та- лаптана түсуіне жағдай жасауы қа- жет. Сынып ішіндегі қоғамдық жұ- мыстарды (санитар, староста, кезек- ші т.б.) балалардың икемділіктеріне қарай бөлу де өте ойластырылып істелгені мақұл. Мұндайда барлық балаға бірдей тапсырма беріп, соны жақсы орындағандарына ғана атал- ған қоғамдық жұмыстарды бөліп бер- ген дұрыс. Қалған балалардың тала- бы мен инициативасын басып таста- мау жағын да мұғалім ойластыруы қажет.

Оқу әрекеті баланың тану процесте- рінің дамуына зор ықпал жасап оты- рады. Мектепте бала түйсік, қабыл- дау процестері арқылы өзіне бұрын мәлім емес көптеген нәрселерді біле- ді. Бірақ осы жастағылардың көбі әл- де де заттар мен құбылыстарды тал- дауға, зерттеуге шорқақ. Бұл жаста- ғы балалар нәрсенің ұсақ-түйектерін (детальдарын) жөндеп ажырата ал- май, заттың бытыраңқы бөлшектерін ғана қабылдайды, оларды қайта жаң- ғыртуға орашолақ келеді. Балаға әр кез тиісті нұсқау беріп отырмаса, онда арнайы түрде байқай алу, байқа- ғыштық қасиет қалыптаспайды. Егер мұғалім баланың қабылдауын ұдайы бағыттап отырмаса, оның дамуы жү- йемен жүріп отырмайды. Мәселен, балаларды экскурсияға шығарғанда, мұғалім осы арадағы көріністерді бай- қаңдаршы деп тапсырманы жиі бер- се, олар көзіне не іліксе, соны ретсіз айта береді. Кейін екінші экскурсия- да мұғалім осы арада қандай өсімдік- тер өседі екен, соны байқаңдаршы деп арнаулы тапсырма бергенде, балалардың жауабы нақтылана түсе- тін болады. Мұндай жағдайда оқу- шылар түрлі өсімдіктердің атын ай- тып береді, ол өсімдіктерді бұрын көрген өсімдіктерімен салыстырады, бақы-лаған заттың суретін салады.Мұндай әдіс затты жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, оқушылар- ды байқағыштыққа үйретеді.

Мектепке келгесін бала зейіні де қауырт дами түседі. Алғашқыда оның зейіні шашыранды болады. Ол бір нәрсеге жөндеп зейінін тұрақтата ал- майды, оның көңілі әрнеге оп-оңай ауып кете береді. Сондықтан да, оқы- ту бұл кезде тікелей қызығуға сүйе- ніледі. Мәселен, мұғалім әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрай- ды, әріптердің орнын алмастырып, одан түрлі мағыналы сөздер тудырады. Бұл баланы қызықтырып, өзіне тартады. Бірақ сабақты үнемі осылай өткізу оқу әрекетіне аса қажетті ырықты зейінді дамытуға жағдай туғызбайды. Оқу – күрделі әрекет. Сондықтан оған әдейі күш жұмсап, ұйымдасып кіріспесе болмайды.

Баланың ырықты зейінін дамыту түрлі жолдармен жүргізіледі. Көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу – осындай тәсілдердің бастысы. Мәсе- лен, бірінші сынып оқушыларын са- наттырып үйретуде таяқшалар пайда- ланылады. Таяқша-тапсырманы орын- дауда бала психикасына әсер ететін көрнекі тірек. Заттың нақты бейне- сіне сүйену – осы жастағы бала пси- хикасының басты ерекшелігі. Са- бақты ылғи көрнекілікке  негізде-  уге де болмайды, сондықтан сөзбен көрнекілік ұштасып келгені дұрыс. Бастауыш сынып оқушылары оқыға- нын, көрген-білгенін есте жақсы сақ- тай алады. Олар көбінесе ашық бояу- лы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәр- селерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті (әсіресе, ойынға байланысты) нәрсе- лерді есіне сақтауға тырысады. Бі- рінші, екінші сыныпта оқушылар әдейілеп есте қалдырудың жолын біл- мегендіктен, олар материалды түгел- дей жаттап алады. Мұндай жаттап алушылық – оқу тәсілін білмегендік- тен, нені қалайша есте қалдыру қа- жетін сезінбегендіктен туындайтын қасиет. Егер мұғалім, есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың арнаулы әдіс- терін балаға үйретіп, бұлардың нә- тижесін үнемі тексеріп отырмаса, бала жалаң жаттауға әдеттеніп ке- теді. Мұндайда бала материалдың іш- кі мәнісін түсінбей, тек қарасын біл- геніне мәз болып жүре береді. Мате- риалды мағынасына қарай есте қал- дыруға дағдыланбаған баланың ке- йін жоғары сыныпқа барғанда күрде- лі материалды ұғынуға шамасы кел- мейтін болады.

Жеті-сегіз жасар баланың, ойлау қа- білетінің де шеңбері тар. Оның ай- наласын қоршаған дүние (үй, көше, мектеп) шағын, тәжірибесі аз. Сон- дықтан бала алыстан орағытып ой- лай алмайды. Баланы ойлатып үйрету үшін төңірегін тереңірек білуге жағ- дай туғызу қажет. Ол әр нәрсенің ат- қаратын қызметін, не тұрған орнын («балтамен ағаш жарады», «отын са- райда тұрады») ғана білмесін, өзіне таныс нәрселерді суреттеп, салысты- рып айтып беретін болсын. Өйткені ойлау бір нәрсені екіншісімен салыс- тыруды, оларды жіктеп-жүйелеуді, бір-бірімен байланыстыруды, қажет етеді. Оқушының бір зат жөнінде нақ- ты елесі, дұрыс қабылдауы болма- са, ол оны өмірден көрмесе, бұл зат жөніндегі оның ұғымы да саяз бола- ды. Мәселен, мұғалім баладан қандай тау аттарын білесің деп сұраса, Ала- тау, Қаратау дей келіп, бұған Кентау қаласын да қосып жібереді. Бала осы ұғымның негізгі ерекшелігін тау сөзі деп түсінеді де, оның басты белгісін, кездейсоқ белгісінен ажырата ал- майды. Өйткені баланың ой-өрісінің тарлығы, тәжірибесінің жоқтығы оған осы ұғымның мазмұнына енетін не- гізгі белгілерді қамтуға мүмкіндік бермейді. Қорыта келгенде, төменгі сынып оқушыларының психикасына тән ортақ қасиеттердің бастылары- на жалпы әсерге тез берілгіштік, еліктегіштік, көрнекіліктің қажеттігі, ойлануының нақтылығы, эмоцияла- рының бояулы келетіндігі, қимыл- қозғалысқа бейімділігі т.б. жатқызу- ға болады.

Мектептегі оқу-тәрбие процесі бала- ның жеке ерекшеліктерінің (мінезі, қабілеті, темпераменті т.б.) қалыпта- суында елеулі орын алады. Бұл жер- де балалар ұжымының рөлі аса зор. Мектеп ұжымының балалардың ойын кезіндегі ұжымнан мазмұны да, фор- масы да бөлек.

Мектеп ұжымының негізгі ерекше- лігі оқушылардың білім негіздерін меңгеруге байланысты ортақ мақсат- ты көздейтіндіктерінен, жеке мүдде- сін, көпшілік мүддесіне бағын-дыра алуларынан байқалады. Мектеп ұжы- мының ең негізгі мақсаты – оларды оқуға жұмылдыру болып табылады. Мәселен, «өте жақсы оқу», «Отанның қамқорлығына жауап беру», «тәртіпті болу – бұл ұжымға тигізген  зор үлес» деген моральдық ұғымдарға үшінші-төртінші сынып оқушылары жақсы түсіне бастайды. Оқушы бір- тіндеп өзінің оқитын сыныбын, мек- тебін сүйетін болады. Осы негізде олардың жолдастык, достық т.б. осын- дай моральдық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *