ӘЛЖАНОВ ОТЫНШЫ

ӘЛЖАНОВ  ОТЫНШЫ (12 тамыз 1873 жылы Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысы — 21 тамыз 1918 жыл, Семей обл, Мақаншы кенті) – қоғам қайраткері,  Алашорда үкіметінің мүшесі,  ағартушы, фольклортанушы. Әкесі Әлжан Сақауұлы дәулетті әрі ықпалды болыс болған екен. Көзі ашық әке баласының ата дәулетіне арқа сүйеп, өз қатарынан қалып қоймауы үшін оны елдегі жақсы адамдардан үлгі алып, өнер білім іздеуге баулыды. Ә.Зайсандағы орыс-қазақ әч-щесін (1887),Омбының қазақ-орыс гимназиясын (1890), Рмбы мұғалімдер семинариясын (1894) үздік бітірген. Дала ген.-губ. кеңесінің іс жүргізушісі (1894-95), Ақмола обл.сотының тілмашы (1895-1907), Көкпекті қ-ндағы орыс-қазақ уч-щесін меңгерушісі (1907-09) болды. 1907 ж. Петербургте өткен бұратана халықтардың оқу-ісі мен мектептері туралы Ережені қайта қараған комиссияның жұмысына қазақ халқының өкілі ретінде қатысып, қазақ елінің оқу-ағарту ісінің күрделі проблемалары туралы баяндама жасаған. Дала өлкесіндегі миссионерлік бағыттағы оқу жүйесінің зардапты әрекеттерін әшкереледі. Осы жылдары ол Қошке Кемеңгеровтің апасы Нұржамилаға үйленді. Қандастарының келімсектерден көріп отырған зорлық-зомбылыұтарына араша түсті. Қазақ жеріне сұғанақтық жасағандардың жолсыз қылықтарын әшкерелеуі Ресей өкіметінің отарлау саясатына қарсылық деп танылып, Ә.5 жылға Жетісу обл.Лепсі уезіне жер аударылды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Ә.Жетісу обл-ндағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бір болды. Ол у., обл., жалпықазақсъездеріне түгелдей қатысып, ІІ Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметіне мүше болып сайланды. Жетісуда құрылған Алаш әскерінің қолбасшысы болып, большевиктерге қарсы соғысты. Қызылдардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі оның ұрпақтарын қырғынға ұшыратты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *