БАЛАУБАЕВ СӘЛКЕН ( 1902-1992) – қазақ психология ғылымы- ның қаз тұруына алғаш үлес қос- қандардың бірі. Ол 1929 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің (Ташкент) педагогика факультетін бітірген соң, сондағы Қазақ педа- гогикалық училищесінде оқытушы, Орта Азия еңбек қорғау ғылыми- зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, кейіннен қазақтың Абай атындағы педагогикалық инсти- тутында, Қазақ ССР Оқу Халық комиссариаты жанындағы методи- калық кеңесте қызмет істеді. Осы жылдары ол психология, педология ғылымдары саласында бірнеше ең- бектер жазады. Мәселен, Т.Баранов- пен бірлесіп «Вопросы конструиро- вания национального теста» («Совет- ская психотехника», 1933, N1), «Мек- теп группаларын комплектеу» (Алма- ты, 1934), «Қиын бала», «Политех- никалық мектеп», (1933, N7-8), про- фессор А.Б.Залкиндтің «Педология- сын», профессор П.Н.Шимбиревтің
«Педагогика» оқулықтарын қазақ- ша аударды. Осы еңбектерде психо- логиялық терминдердің қазақша ба- ламасы көптеп кездеседі. Мәселен,
«ілік мектепші бала» (дошкольник),
«әрекет» (действие), «итермеші се- беп» (мотив), «қылық» (поведение),
«желік» (құштарлық), «сопақ ми»
(продолговатый мозг), «түстің қиын- дығы» (насыщение цветов), т.б. осы күні қазақша психологиялық термин- дер санынан орын алып келеді.
С.Балаубаев еңбектері қазақ психо- логиясының тарихынан елеулі орын алады. Мәселен, «Мектеп группала- рын комплектеу (Қызылорда, 1934, 16 бет) атты еңбегінде психология тұрғысынан сынып ұжымын құру жайында ақыл-кеңес береді. Автор оқушыларды бір өңкей бөлу қажет, өйткені әр баланың оқу қызметі шұ- бар болса, топтың оқу жұмысы қиын- ға соғады, олар ақыл жетілуі мен дене бітімі жағынан да бір өңкей жақын болуы тиіс дейді. «Бір топ, – дейді ол, – дене жетілісі ұлылы-кішілі бо- лып, үлкен бала мен кішкене бала- ның қатар отыруы, бала психология- сына орайласпайды, үлкендігі таудай бала мен үлкендігі құлындай бала- ны қосып оқытуға болмайды». Оқу- шылардың сезім-эмоция, ерік-жігер ерекшеліктеріне орай класс тобы тө- мендегіше құрылғаны дұрыс: «Эмо- ция – қайрат өзгешелік жағынан топ түрлі, шұбар болуы керек, өйткені оқу тобының бірін ылғи ұйымшыл, екіншісін ылғи ұйымсыз балалардан, бірін ылғи пысық балалардан, екін- шісін ылғи сылбыр балалардан, бі- ріншісін – ылғи бастаған ісін аяқтай алатын табанды балалардан, екінші- сін – ылғи бастаған ісін тастап кете- тін тыңғылықсыз балалардан түзуге болмайды».
С.Балаубаевтың осы пікірлері қа- зіргі кездегі мектеп практикасында жөнді еске алынбай жүр. Сондықтан да, әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетекшілері ғалымның осы ұсыны- сын басшылыққа алса (әсіресе ауылдық жердегі мектептерде), бұл жәйт шәкірттердің оқуына да, тәртібіне де тиімді әсер етер еді. Автор мұға- лімдерге балалардың мінез-құлқын күнбе-күн ерінбей, жалықпай күнде- лікке жазып отыруды еске салады. Ұстаз шәкіртінің сабақ үстіндегі дұрыс қылығы қайсы, одан ауытқып кеткен қылығы қайсы немесе төмен тартып кері кеткен қылығы қайсы, тағы осы секілді әр түрлі көріністерді көзден таса қылмауы қажет. Мұны үнемі ескерген ұстаз ғана оқу-тәрбие процесін ойдағыдай ұйымдастыра алады дейді. Автор отызыншы жыл- дардың өзінде-ақ ақылдан қалыңқы, кемақыл балаларды бөліп алып, ай- рықша арнаулы мектепке оқыту қа- жеттігін, мұндай мектептер көмекші (вспомогательный) мектептер деп аталатындығын да айта кетеді.
С.Балаубаев біраз жыл үзілістен ке- йін (ол 1937-38 жылдардағы қуғын- сүргінге ұшыраған) Қарағанды пе- дагогикалық институтында көп жыл бойына ұстаздықпен айналысады, өмірінің соңғы сәттеріне дейін твор- честводан қол үзбейді. 1967 жылы А.Темірбековпен бірге жоғары оқу орындарына арналған «Психология» оқулығын құрастырып, педагогика саласынан бірнеше мақалалар жазды.