БАЛАЛЫҚ ШАҚ

БАЛАЛЫҚ ШАҚ – онтогенездің алғашқы кезеңін сипаттайтын тер- мин, яғни кәмелетке толмаған балғын шақ. Психология ғылымында адам- ның даму процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Баланың туғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт шаққа бөліп қарастырады: 1) бө- бектік шақ (туғаннан 1 жасқа  дейін);

2) сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін); 3) мектеп жасына дейінгі ке- зең (3 жастан 7 жасқа дейін); 4) төмен- гі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас). Психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психикалық бел- гілер – олардың қажеттіліктері мен мүдделері, осыдан туындайтын бала іс-әрекеттерінің түрлері мен олардың қоршаған ортаға көзқарастары. Олар- дың дамуының ерекшеліктері іс-әре- кеттеріне байланысты болады. Мыс., нәресте үшін жетекші іс-әрекет үлкен- дермен эмоциялық қарым-қатынас болса, сәбилік шақтағы бала үшін зат- тық іс-әрекет, мектепке дейінгі ба- лалық шақтағылар үшін ойын болып табылады. Б.ш. кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, этномәде- ни жағдайының әсері баланың бола- шақта қабілетінің дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *