БАЙТҰРСЫНОВ АХМЕТ (1873-1937) – қазақ ғылымы мен мәдение- тінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ға- лым, қоғам қайраткері. А.Байтұрсы- нов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие саласын- да артына аса бай мұра қалдырды. Ол психология ғылымы саласында да өзіндік қолтаңбасымен дараланады. Мәселен, тек «Әдебиет танытқыш- тың» (1926) бір өзінде психологияға ғана қатысты толып жатқан ой-пі- кірлер мен салмақты түйіндер бар- шылық. Мұндағы «Көркем өнер»,
«Сөз толғау», «Лұғат әуезділігі», «Жан жақтау», «Жан қоштау», «Көріктеу»,
«Ес ұғымы», «Іс ұғымы», «Зейіндеме», т.б. атаулар мен ұғым түсініктерде, сондай-ақ оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал, т.б. әдебиетта- ну ғылымына қатысты пікірлерінде халықтық психологияның теориялық қисындары үшін іздесе таптырмай- тын әдістемелік қазық боларлықтай түйiндер мол. Ғалымның тіл мен сөй- леу психологиясы жайлы айтқандары да аса мәнді. «Тілдің міндеті, – деп жа- зады ол, – ақылдың аңдауын аңдыған- ша, қиялдың мезеуін меңзегенше, кө- ңілдiң түйінін түйгенінше айтуға жа- рау… Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады… Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәй- кес келуі айтылады…». Бұл психоло- гиялық жағынан өте пәрменді тұжы- рым, өйткені қазақтың қазіргі кездегі ұлттық тәрбиесiнiң мықтап ақсап, тіпті батпаққа белшесінен батып жатуының себебінің бірі – осы халық- тың, әсіресе тәлімгер қауымның (мұ- ғалім, ата-ана, құрбы-құрдас, т.б.) өз ана тілін жоғарыда Ахаң айтқандай түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын өз дәрежесiнде пайдалана алмай жүр- генінде. Расында да, егер тәлiмгер қауымның сөз саптауы шорқақ, ойы саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады, сөз- дiң тәрбиелік қадір-қасиеті, құны төмендейді. Олай болса, баланың сөз өнеріне жетілуінің, сөйлеу мәдение- тінің арта түсуі үшін ерекше көңіл бөлу қажеттігі ылғи да естен шықпа- уы тиіс.
А. Байтұрсыновтың психология ғы- лымының төңірегiнде ой қозғаған терең мәнді, салиқалы пікірлері «Әліп- пе – таңбалар жұмбағы» дейтін ең- бегінен елеулі орын алған. Мұнда ол араб әрпінің латын таңбасынан әлдеқайда ұғынуға тез жазып, миға тоқуы жеңіл екендігін психологиялық тұрғыдан дәлелдеп береді. Мұнда екі таңбаның қайсысымен басылған, иә жазылған сөз оңай оқылады, бұлар- дың қайсысымен жазылғанын тану жеңіл, қайсысы баспаға сыйымды, қайсысы көркемдік (эстетикалық), сондай-ақ көруге көзге жайлылығы жағынан қайсысы артық дегендей психологиялық жәйттарға тоқталады. Ғалым латын, араб әріптерін оқуға қайсысының жеңіл, қолайлы екендігі жөнінде былай дейді: «Сауаты ашыл- ған адам, жазылған иә басылған сөз- ді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұр- ған суретін танып оқиды. Таныс адам- ды көргенде мынау пәленше, анау тү- генше деген сияқты әр сөзді тұрпаты- на қарап, танып айтады. Неғұрлым сөз суреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдамырақ танылып, шап- шаң оқылмақшы… Немістің Мейман деген профессоры… мынаны байқа- ған: басылған сөздің ішінде не төмен, не жоғары сойдыйып қатардан шы- ғып тұрған әріп бір сөзден немесе үстіне қойған қосымша белгісі бар әріп кіріскен сөздер тез танылып, шапшаң оқылады екен». Байтұрсынов араб әріптері бірі биік, бірі аласа, бірі ұзын, бірі қысқа келіп, екінші жағы- нан қосымша таңбалары (белгілері) көп болып, сөз суретін көзге елеулі етіп кісінің тез оқуына, харып тануы- на қолайлы болады дейді.
А.Байтұрсынов адамда жазу дағды- сының қалыптасу жолын да психо- логиялық тұрғыдан түсіндіреді.
«Сауаты ада адам, – дейді автор, – жазғанда қол дағдысымен жазады. Жазып отырғанда әр әріпті ойлап ба- рып жазбаймыз, қолымыз дағдылан- ған күйімен өзі келеді… Неғұрлым сауаты көбірек ашылған адам болса, неғұрлым жазуды көп жазатын адам болса, оның көз бақылауынан гөрі қол дағдысы басым болмак,.. Оқыған уақытта адамның көзіне күші түсіп, етiне күш түспейді. Жазған уақытта көзіне күш түспей, етіне күш түседі». А.Байтұрсыновтың осы түйіндері психологияда оқу мен жазуды қалып- тастырудың психологиялық заңды- лықтарына сүйенген түйін. Мұны психологиядан аздап хабары бар адам, арнайы түсініктемесіз-ақ ұға алаты- ны хақ.
Латынша жазуда қолға күш түсетінді- гін А.Байтұрсынов орыс психологы П.П.Блонский зерттеулері арқылы түсіндіреді. Блонский жазғанда қол- дың талу-талмауына ерекше көңіл аударған. Жазған кезде қолдың талмауы саусақтардағы ұсақ бұлшық еттерге байланысты деп түсіндіреді. Байтұрсынов орыс ғалымының пі- кiрлерін былайша жалғастарады:
«Менің оған қосатыным – қарды жаю- дан жию жеңілірек. Солдан оңға қа- рай жазғанда қол қардың жайылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын қиындайды… Араб әрпімен жазғанда стенограф жазуымен жаз- ған сияқты қолдың қимылы көбінесе ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақты- ғы жазуды жеңілдетіп, шапшаң жа- зуға қолайлы… латын жазуымен са- лыстырғанда қол сермеуі бармақ нүк- телерін қосып есептегенде, латын- дікінен 25-30 % кем болып шығады». Халқымыздың осынау біртуар ғалы- мы араб грамматикасының оқу, жа- зуға латын харпінен гөрі әлдеқайда тиімділігін психологиялық тұрғыдан пайымдай келіп, өз ойын былайша тұжырымдайды: «араб әрпімен жаз- ғанда да, оқығанда да оңай, сауат ашу үшін баспаханада әрiп теруге де ол латын таңбасынан әлде қалай тиім- ді, – дей келіп, латыншаға көшу ке- рек деп жүргендерді «еріккен адам- дардың ермегі есебіндегі құр қиял», – дейді. А.Байтұрсынов өмірiнiң соң- ғы сәтіне дейін, өзі түрлеген, өзі ре- форма жасап жетілдірген қазақтың жаңарған жазу үлгісін осылайша ғы- лыми негізде дәлелдеп, қызғыштай қорғап өтті. Ғұлама ғалымның те- легей-теңіздей рухани мұрасында осы айтылғандардан басқа да пси- хологиялық мәні терең ой-тұжырым- дары көптеп кездеседі. Бұларды са- ралап, зерттеп, халық игілігіне ай- налдыру – қазақ психологиясының келешектегі міндеті, парызы болмақ.
БАҚЫЛАУ ЛОКУСЫ – адамның өзін, өз қылығын немесе айналада- ғылардың жүріс-тұрыстарының се- бептерін субъективті сипаттайтын түсінік. Ішкі бақылау локусы – ол өз қылықтарының себептерін іздеуі, ал сыртқы бақылау локусы – ол қы- лық себептерінің адамнан тыс оны қоршаған ортада локализациялануы. Б.л. ұғымын енгізген американ пси- хологі Ю.Роттер.