БАЙҚАУ

БАЙҚАУ – белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекет- тер. Психологияда Б. кең тараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-қылығын, пси- хикасын, сыртқы көріністерін (қи- мыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік- күшін, сезім ерекшеліктерін, темпе- раментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдіс- тері, жай-күйі және психикалық қа- сиеттері жөнінде қорытынды жасай- ды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адам- ның психикалық ерекшеліктерін қа- дағалауды байқау әдісі деп атайды. Б.ә. әдетте, табиғи жағдайда, зертте- лінуші адамның әрекетіне әдейі ара- ласпай-ақ жүргізіледі.

Байқау әрі жүйелі, әрі мақсатты үр- діс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғы- лыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйым- дастырылмаған және жоспарлы түр- де жүргізілмейтін қарапайым байқау- дан өзгеше болып келеді. Ғ.б. үрді- сінде аса сақ, дәлме-дәл болып, бай- қалатын объектіге ешқандай бұрма- лау жасамау керек. Мыс., мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерек- шеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының сабақ үстін- дегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стено- графиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиіс- ті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекше- ліктеріне қарай байқау әдісінде кей- де аспаптар да қолданылады. Мыс., зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, сыналушы- ның сөз тіркестерін жазып алып, ке- йін оны қайтадан жаңғырту үшін дик- тофон, магнитофон т.б. пайдаланылады. Б.ә. нәтижелі болып шығуына қажетті кейбір шарттар:

  • Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүр- гізілінуін және бір фактінің өзі бір- неше рет қайталанып зерттелінуін қам- тамасыз ету;
  • Зерттелетін объектіні айқын белгі- леу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мыс., байқау объектісі ре- тінде сабаққа үлгерімі нашар оқушы- ны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысы- ның кейбір ерекшеліктерін білу;
  • Байқалған фактілерді сол сәтте жа- зып отыру, кейін оған мұқият талдау жасау, басты фактілерді сұрыптап алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Сан рет жүргізілген байқаудың нә- тижесіне байланысты сол сыналушы- ға қатысы барлармен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін дамыту үшін нақты жұмыстар белгіленеді. Б. кезін- де адамның мінез-құлқын дұрыс тү- сіне білудің де маңызы үлкен. Қазір- гі кезде күнделікті іс-тәжірибеміз- де де, белгілі ғылым салаларында да объективтік байқау әдісі қолданыла- ды. Бұл әдістің үш түрі бар: бір тү-  рі – мәнді және қызық деп тапқан пси- хологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру.

Әдістің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп атайды. Екінші түрі – нысанаға алынған объекттің қимыл- қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау. Бұл – ұдайы байқау әдісі. Үшінші түрі – байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру. Әдістің бұл түрін таң- дамалы байқау деп атайды. Осы атал- ған байқаулардың қандай түріне бол- са да қойылатын талап – байқаушы бақылаған фактілерді баяндап қоюмен қанағат етпей, сол құбылыстардың сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі сыры мен психологиялық мазмұнын ашуға міндеттілігі.

Б. кезінде – байқауға алынған объект- тің байқау бағдарламасын, жоспарын жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушы- ның зейіні зерттеліп отырылған объект- тің екінші бір кездейсоқ сипаттары- на ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фак- тілердің жиынтығы арқылы жасалған психологиялық байқау жалған болып шығуы ғажап емес. Психикалық үр- дістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің бүгінде ма- ңызды орны бар, сондықтан оны объективтік байқау әдісіне жәрдемші әдіс ретінде пайдалану дұрыс.

Байқау әдісімен психикалық құбы- лыстарды көлденең әсерлермен өз- гертпестен, объектіні өзінің үйреншік- ті ортасында байқауға болады, соны- мен қатар байқау әдісі арнайы лабо- раторияларды, қымбат құралдарды керек етпейді. Б.ә. кейбір кемшілікте- рі де бар. Біріншіден, зерттеуші мұн- да өзіне керек құбылыстарды әп-сәт- те зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объек- тивтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеуші- де бақылағыштық қасиеттің жоқты- ғы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Б. – өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен қылықтарының фактілерін жинауға көмектесетін әдіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *