БАҒДАР

БАҒДАР – субъекттің дайын, пейіл- ді болуы; белгілі бір объекттің пайда болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектке қатысты іс-әрекеттің орнықты мақ- саткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді. Психологияда Б. жануарлар- дың мақсатқа бағытталған әрекетін, ағзаның алдын ала мәлім жағдаяттар- ға бейімделуінің психофизиология- лық механизмдерін, психикалық про- цестердің таңдамалылығы мен ба- ғыттылығын, тұлғаның іс-әрекетінің ұғынылмай реттелуінің, мінез-құлық қалыптасуының механизмдерін зерт- теуде қолданылады, әлеуметтік пси- хологияда Б. топтың мүшесі ретінде тұлғаның белгілі бір әлеуметтік объек- тілерге қатынасын, әлеуметтік мі- нез-құлықтың өздігінен реттелуі, ор- нықтылығы және үйлесімділігі меха- низмдерін, әлеуметтену процесін, бағ- дардың мыс., насихат ықпалымен өзгерулерін зерттеу кезінде, сондай- ақ белгілі бір жағдаяттарда тұлғаның мінез-құлқының ықтимал нысанда- рын болжамдау кезінде пайдаланы- лады. Іс-әрекеттегі бағдардың негізгі функциялары: а) іс-әрекеттің орнық- ты, дәйекті, мақсатқа лайық сипатқа өтуін анықтайды; ә) субъектті стан- дартты, бұрын кезіккен жағдаяттар- ға шешімдер қабылдау қажеттілігі- нен босатады; б) іс-әрекеттің енжар- лығына, қырсыздығына себепші бо- латын және субъекттің жаңа жағдаят- тарға бейімделуін қиындататын фак- тор ретінде де көрінуі мүмкін. Бағ- дардың мазмұны оны туындатқан объек- тивті фактордың, іс-әрекеттің құры- лымындағы орнына тәуелді болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *