БАБАТАЙҰЛЫ ДУЛАТ

 

БАБАТАЙҰЛЫ ДУЛАТ (1802-1874) – ХІХ ғ. бірінші жартысында қазақ ғұламаларының ішінде өзіндік психологиялық түйіндерімен ерекше көзге түскен. Ақындық өнер ерекше дарыған талант иесі өзінен бұрынғы ақын-жыраулар мұраларын бойына мол сіңіре білді. Ақын өмірде болып жатқан өзгерістерге сескене қарап, за- ман бұзылды, әкім, молда, ишан, бай- мырзалар азып тозды, зұлымдық үс- тем болды деп қынжылады, бірақ бұ- дан шығар жолды іздеп әуре болма- ды. Әйтсе де ол өнер-білімнің пайда- сы, жақсы мен жаманның, жомарт пен сараңның, бай мен кедейдің, бі- лімпаз бен наданның бір-бірінен айыр- машылықтарын дұрыс көрсетуге барынша тырысып бақты.

Дулат – адамның ақылы мен мінезі, жігері мен көңіл күйі жайлы көптеген қызықты пікірлер айтқан, жас жет- кіншектер тәрбиесінде үлкендер өне- гесінің алатын орнын дұрыс көрсете білген ақын. Мәселен, соңғы жайтқа байланысты ол былай дейді: «Ата- ананың ақылы, Қазылған қара жолмен тең, Жақсылардың ақылы, Гауһар шырақ шаммен тең».Ақын бұл жерде ата-ананың өнегесі, көпті көрген даналардың сөздері бала тәрбиелеуде таптырмайтын құ- рал екендігін баса көрсетеді. Ол жас- тарға ата-анаңды, үлкендерді, тыңда- саң жақсы адам болып өсесің, олар- дың ақыл-өсиеті даңғыл жолдай нәр- се, жақсы адамның ақыл-кеңесі әр уақытта алдыңда шырақтай жарқы- рап жанып, саған жол көрсетіп тұра- ды, қисық-қыңыр мінезге, теріс жолға түспеуіне жағдай жасайды, деп ке- ңес береді.

Ақын осы пікірін одан әрі былайша жалғастырады: Сырын білмей бой салма, Атасы оның текті деп, Тұр- лаусыздан сөз ұқпа, Аузы оның епті деп, Нашардан шыққан жақсының, Сөзін жерге тастама,

Атасы нашар өтті деп… Бұл шу- мақтардан жақсы, жаман болу адам- ның тегіне байланысты емес, тіпті нашар адамдардан да жақсы, ақыл- ды бала тууы мүмкін. Жақсы кісі бо- лу бәрінен бұрын адамның өмірден алатын тәрбиесіне, сонан соң өзіне байланысты деген идея аңғарылады. Ақылы жоқ наданға… Өтірік сөзің шын болар…Бір жаманға сөз айтсаң, Құлағына кірмейді, Не айтқанын білмейді…Шаруа десең жиреңдеп, Өсек десе сүйреңдеп…деген шумақ- тарда берекелі іспен, оқу-біліммен айналыспай бір құлқынның ғана қамын ойлап, екі ауылдың арасында селтеңдеп босқа жүруді ермек еткен- дердің психологиясы жақсы көрсе- тілген.

Дулат өлеңдерінде адамның, мораль- дық-этикалық қасиеттері әр-қырынан сөз болады. Мәселен, ол қымызқұ- мар, еңбек сүймейтін, жағымпаз, мақтаншақ, ұрыншақ адамдарды масқа- ра тәлкек етіп әжуалайды. Дулат осын- дай жан дүниесі қораш, өзіне де, өзге- ге де опа бермей жүргендерге бар ақылын айтып, олардың жаман қы- лықтарына реніш білдіреді: Ар са- тып қымыз ішкенше,Үлгісіз тымақ пішкенше, Адам деген атақтан, Сада- ға болып аулақ кет. Дулат адам мі- незінің сан алуан жақсы-жаман жақта- ры жайлы айта келіп, көбінде нашар адамдардың теріс мінезін тәлкек қы- лу арқылы жұртты бұдан жиренді- ріп, жаман әдеттен сақтандырып оты- рады. Мәселен: Қаққанша қабақ бұлтылдап, Келемеж қылып біреуді, Сыртынан күліп шылтыңдап, Бетпе- бет келсе сөз таппай, Самайы тер- леп мыңқылдап…деп ақын жалған сөйлеуді, біреудің сыртынан сөз ай- туды, адамдық атқа кір келтіретін жа- ман мінез деп түйеді.

Дулат сөз өнеріне, шешендік, суы- рыпсалмалыққа айрықша көңіл бө- ліп, сөз құдіретін терең түсініп, оның мәнділігі мен айқындылығына, түйін- ділігі мен әсерлілігіне ерекше мән берген ақын: Сөз жібек жіп, жыр кес- те, Айшығы айқын көрінбес… Сөз- дің шашыраңқы болуы ойдың ша- шыраңқы, мазмұнсыз болуына алып келеді, ал ойсыздықтан асқан биша- ралық жоқ, деп түйеді ақын өз ойын. Дулат сөзді адамның жан жүйесіне әсер ететін құдіретті күш деп қарай- ды, сөз, әсіресе, кісінің көңіл күйіне мықтап әсер ететіндігін айтады: Ше- шендіктің сәні жоқ, Сөзіне сүттей ел ұйып, Қолтығына ел сиып, Басына бақыт қонбаса, деп ақын елді ұйытар, халыққа әсерлі үлгі көрсетер өткір шынды, шешендік пен көсемдікті топ жарған ақылды адамның қасиеті деп санайды.

Педагогикалық тұрғыдан Дулаттың

«Еспенбет» деп аталатын көлемді дастаны да көңіл аударарлықтай. Ес- пенбет образында ақын жай алып күштің иесін ғана көрсетпей, әрі ақыл- ды, әрі ақжүрек, кішіпейіл, көптің мұңын өз мүддесінен жоғары қоятын адамның психологиясын көрсетпек- ші болады. Дулаттың ұғымында Ес- пенбет атадан «ерекше туған», «тіл біткеннің шешені», барша жұртқа үлгілі адам, жауға шапса батыр, елі үшін қабырғасы қайысып, еңіреген ер. Осындай ерді өсіріп, тәрбиелеп шығарған халық, ел-жұрт, туған жер екендігін айта келіп, ақын жастарға не де болсаң еліңмен, жұртыңмен бір- ге бол дейді. Кір жуып, кіндік кескен жерін қастерлемей, халқынан тыс өмір сүрген жігітке бақыт та, бақ та жола- майды деген идея «Еспенбет» жы- рының негізгі өзегі.

Ер қолынан іс келмес,  Сұңқардайын

түйілмей. Буынып белін бекінбей, Зердесі жігер қайнамай… Жігерім болса жетем де, Еліме барып ұл бо- лам. Жігерсіз болсам жетесіз, Қойын жайып құл болам…Бұл жолдарда ақын ерік-жігер, қажыр-қайраттың жас адамдар үшін аса қажеттілігіне тоқталады. Жігерлілік – адамның ал- ға қойған мақсатына жетуде бірден- бір қажет болатын сипат екенін, он- сыз ойға алған ісінің ойдағыдай ше- шілуі мүмкін еместігін, ерік-жігері жетілмеген адамның әлсіз болатын- дығын айтады; «буынып белді бе- кінбей»,  «сұңқардайын түйілмей»,

«жігер қайнамай» ер жігіттің еш уа-

қытта арманы орындалмайды деп байсалды қорытынды жасайды.Ақын оқу-білімнің адамның рухани жағынан қалыптасуына зор пайда тигізетіндігін де дұрыс көрсете білген, ол оқыған адамның ой-өрісінің кең болатындығын, оқудың адам баласы- на көрсететін ықпалының зор екенді- гін, он жасар оқыған баланың да ой түюге шамасы келетіндігін; ал оқы- маған адамның жиырма жасында да бала болып жүре беретіндігін айтып, оқу-білім арқылы адамның ақыл- ойы, зердесі, дүние танымы өсіп оты- рады, дегенді тұжырымдайды. Ақын толғауларында осы айтылғандардан басқа да психологиялық, педагоги- калық мәні бар көптеген пікірлерді кездестіруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *