ӘЛЕУМЕТТІК УАҚЫТ

ӘЛЕУМЕТТІК УАҚЫТ — қоғам, әлеуметтік қауымдастықтар, жеке адамдар тіршілік ететін және дамитын уақыттың ерекше сипаттамалары. Әлеуметтік уақыттың құрылымы адам әрекетінің әр салалары арқылы өлшенеді және әр салада пайдаланған уақыт өзіне тән әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие болады. Қоғамдағы жеке адамдар Әлеуметтік уақыттың жалпы жиынтығы қоғамның Әлеуметтік уақытын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр салада пайдаланған уақыт белгілі бір дәрежеде тәуелсіз сипатқа ие. Әлеуметтік уақыты зерттейтін тәсілдердің бірі — уақыт бюджетін пайдалану әдісі және соның негізінде уақыт балансын есептеу. Жеке адамдеңгейіндегі Әлеуметтік уақыттың өтуі өзіндік ерекшеліктерге толы. Себебі, жеке адам уақытты субъективтік, психологиялық, эмоционалдық тұрғыдан қабылдайды. Мысалы, адамның белгілі бір күнтізбелік уақыттағы жұмыстары өте күрделі, тығыз болса, керісінше, дәл сондай екінші бір мерзім ішінде адам еш нәрсемен айналыспауы мүмкін.
Сонымен, жеке адам өткізген уакыт оның іс-әрекеті мазмұнының «тығыздығымен» тікелей байланыста. Өмірі белсенді іскерлікке, өнімділікке толы кісіні жасампаз адам деп айтуымызға болады. Ондай адамның азаматтық сипаты, өмірге деген көзқарасы, т.с.с. қасиеттері «уақыты шұбалаңқы» адамнан мүлде басқа. Сонымен, жеке адамныңішкі дүниесі мен іс-әрекеті тұрғысынан алғанда, Әлеуметтік уақыттың өзіндік сипаты айқын. Әлеуметтік уақытты қоғамдық және адамдық тұрғыдан алғанда олардың араларындағы себеп-салдарлық қатынастар өте терең.Мыс. өндіріс орындарында жеке адам үшін еңбек уақытының толық әрі тиімді өтуі оның жеке қабілетіне ғана тікелей байланысты емес. Ә.у-ты зерттеуші ғалымдар оны материалдық байлықтың көзі деп көрсетеді. Сондықтан Ә.у. социология ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *