Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы иудей патшалағын билеген деп есептеледі. Сүлеймен иерусалим қаласындағы яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей қаза болыпты. Сонда Дәуіт (ә.с.) еш абыржымай, сабыр сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. осыған разы болған Жаратқан ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен (ә.с.) мұсылман елдерінің ертегі дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жанжануар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.