Қожа Ахмет Иасауи—Ахмет бин ибраһим бин Әли—атақты сопы, түркілік суфизмнің негізін салушы, философ, ақын. Шамамен 1093 жылы Түркістан шаһарының маңындағы Сайрам (исфиджаб) қаласында туылып, ХІІ ғасырдың аяқ кезінде қайтыс болған. оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Қожа Ахмет иасауидің мол мұрасы нан бізге жеткен негізгі шығармасы—«Диуани хикмет».