Жошы (1187-1227)—Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын орданың негізін салушы, қазақ хандарының арғы атасы. Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан әскерінің жорықтарына белсене араласты. Шыңғыс хан Керей, Найман, Меркіт т.б. тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін (1206), Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жеке жасағымен 1207-1212 жылдар оңтүс тік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген тайпаларды бағындырды. 1218 жылы көктемде Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттердің бір тобын өкшелей қуа отырып, ырғыз өзені бойында Хорезмшаһтың 60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездеседі. Ержүректігі мен айласының арқасында Хорезм әскерін жеңеді. 1220-1222 жылдары Сырдария бойындағы отырар, Сығанақ, үзкент, Баршынкент, Жанкент т.б. қалаларды қоршауға алып, Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алады.